Сабақ жоспары (ұмж): Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады? (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады? (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Құндылықтар»
Сабақ тақырыбы: Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау;
4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
-отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдайды;
- отбасылық бюджетті оңтайландыру жолдарын ұсынады.

1. Кіріспе тапсырма «Кіру билеті»
-Сенің "кіру билетіңде"не жазылған?
-Осы билетпен қандай "есікке" кіруге болады: міндетті қажеттілік, қалаулы қажеттілік, жомарттық, ысырап?

Оқушылар билетте не жазылғанын оқиды. Ұсынысты талдайды және өз билетін есіктің суреті бар суреттердің біріне орналастырады.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
Сабақ мақсаты ұсынылады:
- отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдау;
- отбасылық бюджетті оңтайландыру жолдарын ұсыну.
3. Ойлан (топпен)
- Күнделікті жұмсайтын ақшаны қайдан аласың?
Оны қайда жұмсайсың?
- Оқулықтағы кестені оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:
- Айдың басы мен аяғындағы бюджетті салыстырыңдар. Неге айдың соңында табыс артты?
- Қандай қосымша табыс көздері пайда болды?
- Ақшаны үнемдеу үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы керек?
- Үнемділіктің артықшылығы неде?
-Қалай ойлайсыз, сараңдық пен жинақылық-бұл синонимдер ме? Сөздіктен қарап тексеріңдер.

Оқушылар топпен жұмыс істейді, кесте мәліметтерін талдайды және сұрақтарға жауап табады.Әдеби шығармалардан және өз өмірлерінен мысалдар келтіреді.

4. Анықта (топпен)
- "Олжастың әңгімесі"мәтінін оқыңдар.
- Отбасы кірісі неден тұрады?
- "Коммуналдық төлемдер"деген не?
- Отбасында тағы қандай шығындар бар?
- Кестедегі мәтін мәліметтерін рәсімдеңдер.

Отбасының жылдық бюджетін есептеңдер.

Оқушылар топпен жұмыс істейді. Алдымен мәтінді оқып, содан кейін тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері:
- оқушылар "коммуналдық төлемдер" ұғымына анықтама береді;
- бюджеттің шығыс және кіріс баптарын анықтайды;
- кестедегі мәтіндерді рәсімдейді;
- жылдық отбасы бюджетін есептейді.

5. Миға шабуыл «Ойыңмен бөліс» (топпен)
- Отбасы мүшелерінің біреуінің арманын орындау үшін бірінші кезекте ақша жинау керек пе?
- Неден үнемдеуге болады?
- Жинаған ақшаны қалай арттыруға болады? Депозит дегеніміз не?
- Балалар бюджетті үнемдеуге қандай үлес қоса алады?

Оқушылар топпен жұмыс істейді, сұрақтарды талқылайды. Параққа бюджетті көбейту және қаражатты үнемдеу тәсілдерін түсіреді. Орындалған тапсырмалар өзара бағалау үшін топтан топқа беріледі..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Емханаға тіркелудің қандай жолдары бар?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle