Сабақ жоспары (ұмж): Мен елімнің кішкентай азаматымын (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мен елімнің кішкентай азаматымын (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бет терісін ылғалдандыратын маскалар

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Құндылықтар»
Сабақ тақырыбы: Мен елімнің кішкентай азаматымын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасау;
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке тұлғаның демократиялық құқықтары, бостандықтары және міндеттерінен мысалдар келтіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасайды;
- Қазақстан азаматының құқықтары мен міндеттеріне мысал келтіреді.

1. Кіріспе тапсырма
«Аталмаған тақырып»
- Егер сабақ басында оның тақырыбын білмесеңдер, не болатынын ойлайық.
- "Сабақ тақырыбын жариялау керек" және "сабақ тақырыбын жариялаудың қажеті жоқ"ұстанымдарына үш мысал келтіріңдер.

Оқушылар әр позицияға идеяларын дәлелдей отырып, тақырыпқа пікір талас жүргізеді. Жұмыс фронтальды өтеді.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасау;
- Қазақстан азаматының құқықтары мен міндеттеріне мысал келтіру.
3. Қандай жағдай болуы мүмкін? (топпен)

Қала көшелерінен барлық бағдаршамды алып тастап, жол полициясы жұмыс істе¬мейтін болса..
Оқушылар сабаққа келу, келмеуін өздері шешетін болса …
Жұмысшы жұмысқа келмесе де жалақы төлене берсе …
Қызыл кітапқа енген аң-құстарды атып алуға рұқсат берілсе...

- Мұндай жағдайларда не болуы мүмкін деп ойлайсыңдар.
- Қорытынды жасаңдар.

Оқушылар топта жұмыс істейді, ұсынылған жағдайды талқылайды. Әр топ өз пікірін сыныпқа хабарлайды. Жалпы әңгіме барысында оқушылар заңдарды сақтау қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.

4. Ойлан (топпен)
- Суреттерді қарастырыңдар.
-Осы жағдайларда адамдар қандай құқықтарды пайдаланады?
-Бұл адамдардың міндеттері қандай?

Оқушылар топта жұмыс істейді. Өз суреттері бойынша құқықтары мен міндеттерін көрсете отырыпр, постер құрайды,. Постерлер шеңбер бойынша беріледі, қажет болған жағдайда толықтырулар жасайды.

Бағалау критерийлері:
-оқушылар азаматтардың құқығын анықтай алады;
- оқушылар азаматтардың міндеттерін атай алады.

5. Конституцияда қалай айтылған?(жұппен)

-Тұжырымдарды оқыңдар және оларды Конституцияның баптарымен салыстырыңдар.
- Конституцияның баптарына тұжырымдарды сәйкестендіріңдер.
Мен ер жеткен соң ата-анама қамқор боламын.
Қазақстанның барлық азаматы табиғатты қорғауы керек.
Ешкім адамды бостандығынан айыра алмайды.

Оқушылар жұптасып жұмыс істейді, Конституцияның тиісті баптарын табады. Конституцияның К 2-3 баптарына қарай тұжырымдарды өз беттерімен таңдайды. «Бас бармақ» әдісімен өзара бағалайды.

Бағалау критерийлері:
-оқушылар азаматтардың құқығын дұрыс анықтай алады;
- оқушылар Конституцияның тиісті баптарын таба алады;
- оқушылар дұрыс тұжырымдарды таңдап, Конституция баптарына мысалдар келтіре алады.

6. Шетелдік досыңа түсіндір (жеке)

-4-сынып оқушысының жазған әңгімесін оқыңдар. Конституция баптарының қайсысы балаға көмектесті?

Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды, байланысты мәтінді құрастыра отырып, сұрақтарға жазбаша жауап береді..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Бірақ ешқашан жылап көрмеппін



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle