Сабақ жоспары (ұмж): Бақытты елдің тұрғындары (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бақытты елдің тұрғындары (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пайдалы Kеңестер

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Құндылықтар»
Сабақ тақырыбы: Бақытты елдің тұрғындары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу;
4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау.
Сабақ мақсаттары:
-отбасы қоғам үшін неге маңызды екенін түсіндіреді;
- отбасы мүшелері арасындағы міндеттерді бөлуді негіздейді;

1. «Ойлан да ата»(жеке)

-Ойлан:
- Сен өз қуанышыңмен кіммен бөлісесің?
- Сен ауырып қалсаң, саған кім қамқор болады?
-Жарыста немесе байқау кезінде сені кім қолдайды?
- Бұл адам немесе адамдар кім екенін, саған кім болып келетінін жаз.
- Тақтаға стикерді жабыстыр.
- Осы адамдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
-Осы тапсырма бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын стикерге жазып тақтаға жабыстырады. Соңғы сұрақтарға жауаптар фронтальды әңгімелесу барысында талданады.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- отбасының қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру;
-отбасы мүшелері арасында міндеттерді бөлуді негіздеу;

3. Ойлан (жұппен, топпен)
Кестедегі ақпаратты оқыңдар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Отбасына қажетті тауарларды сатып алу үшін кімдер шешім қабылдайды?
Отбасы мүшелері өз міндеттерін қалай бөліп алады?
• Қабылданатын шешімдер отбасы мүшелерінің өміріне қалай әсер етеді?
- Кестені толтырыңдар.Бос ұяшықтар үшін өз идеяларыңды ұсыныңдар.

Оқушылар алдымен жұппен жұмыс істейді, содан кейін топтарға біріктіріледі. Толтырылған кестелерді тақтаға орналастырады. Өз шешімдеріне ішінара түсініктеме береді.

4. Түсіндір (жұппен)
-Оқулықтағы суреттерді қарастырыңдар.
-Мәтінді оқыңдар.
-Осы отбасының мүшелері қоғамға қандай пайда әкелетінін бір-біріңе айтыңдар.

«Сұхбаттасу» ойыны.
-Сенің отбасыңның мүшелері немен айналысады?
- Олар қоғамға қандай пайда әкеледі?
Бұл тапсырманы сұхбат түрінде орындаңдар.

Оқушылар өз қорытындыларын дәлелдей отырып, жұппен жұмыс істейді. Алдымен олар оқулықта бейнеленген отбасы туралы айтады. Содан кейін сұхбат форматын пайдалана отырып, өз отбасы туралы айтады. "Үш шапалақ" әдісін қолдана отырып, бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Бағалау критерийлері:
- әрбір отбасы мүшесінің рөлі, оның отбасылық берекеге қосар үлесі туралы айтады;
- отбасы қоғамға қандай пайда әкелетінін түсіндіреді;
- сұхбаттасу әдісін қолданады.


5. Жобалық жұмыс (топта)
-Әл-Фарабидің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат"атты еңбегінен алынған үзінділермен танысыңдар.
-Барлық адамдарды қалай бақытты етуге болатынын талқылаңдар.
- "Бақытты елдің тұрғындары"тақырыбында жоба жасаңдар.
Оқушылар топта жұмыс істейді. Трактаттан алынған үзіндімен олар видео көру арқылы немесе берілген мәтінді оқу арқылы таныса алады. Содан кейін қоғамның барлық мүшелері қандай жағдайда бақытты болуы мүмкін екенін талқылайды. Осыдан кейін өз идеяларын плакатта сызбалар, кестелер, суреттер, жазулар түрінде бейнелейді. Дайын жұмыстарды сынып қабырғаларына орналастырады..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бас ауруы,себептері мен емі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle