Сабақ жоспары (ұмж): Аймақтардағы шаруашылық түрлері (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Аймақтардағы шаруашылық түрлері (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қасиетті күндерде ораза ұстау

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің Отаным Қазақстан»
Сабақ тақырыбы: Аймақтардағы шаруашылық түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
Сабақ мақсаттары: - шаруашылықтың дамуына табиғи жағдайлардың әсерін талдайды.

1. Кіріспе тапсырма
• Суретті таңдаңдар. Ұқсастықтарын табыңдар. Топ қалай аталады?

Оқушылар таңдаған 4 суреттің біріне байланысты топтарға бөлінеді. Топтарға атаулар береді.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Шаруашылықтың дамуына табиғи жағдайлардың әсерін талдау.
3. Ойлан
-Шаруашылықты дамыту үшін табиғи жағдайлар қандай маңызға ие?
- Су электр станциялары қайда салынады? Бұл шаруашылықтың дамуына қалай әсер етеді?

Топта оқушылар таңдаған суреттеріне сәйкес жұмыс істейді. Бірінші тұлғадан хабарлама дайындайды. Әр топ өз жауабын айтады.

4. Картаны зерделе (жұппен)
-Бұл картада көк түсті қою сызықтармен не көрсетілген?
-Картадан Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолының бағытын көрсетіңіз. Бұл жол қандай облыстардың аумағынан өтеді?
-Бұл жолды қандай географиялық нысандар кесіп өтеді?
- Жол салу кезінде қандай табиғи жағдайларды ескеру қажет? Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолының мысалдарын келтіріңіз.

Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Тапсырманы орындау кезінде олар ақпаратты картаны және оның шартты белгілерін оқып, алуы тиіс.
Бағалау критерийлері:
-оқушылар картада автокөлік жолдарын көрсетеді;
- жол құрылысы кезінде жер бедерін есепке алу қажеттігін түсіндіреді.


5.Миға шабуыл «Немен айналысуға болады?»
-Біздің облыста айналысуға болатын шаруашылық қызмет түрлерін атаңыз. Бұған қандай жағдайлар ықпал ететінін түсіндіріңіз.

Оқушылар топпен жұмыс істейді. Әрбір топ шаруашылық қызмет түрін атайды және өз жауаптарын дәлелдейді. Барлық идеялар тақтада сызбада жазып белгілейді.

Бағалау критерийлері
-оқушылар өз аймағының шаруашылық қызмет түрлерін атайды;
- өңірдің табиғи жағдайларын ескере отырып, өз жауаптарын дәлелдейді.

6. Байқап көр (топта)
- Аймақтың қолайлы және қолайсыз табиғи жағдайларын анықтаңдар.
Қолайлы табиғи жағдайлар Қолайсыз табиғи жағдайлар


- Біздің өңірде туризмнің қандай түрін дамытқан дұрыс екенін анықтауға тырысыңдар.
- Туризмнің бұл түрін жарнамалаңдар.

Оқушылар топпен жұмыс істейді, өз идеяларын кестеге енгізеді. Осы кестелерді талдай отырып, туризмнің ықтимал түрлерін тұжырымдайды. Жарнама тұжырымдамасын ойластырады........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Адамның жасына байланысты атаулар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle