Сабақ жоспары (ұмж): Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Астың бетін ашық тастама

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адами құндылықтар»
Сабақ тақырыбы: Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау.
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру.
Сабақ мақсаттары: Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу.

(Т) (Дифф) Ой қозғау. Әр топқа оқушылар білмейтін ойын (бұл ойын ережесін мұғалім түсіндірмейді) түрі ұсынылады. Бірақ ережесін түсіндірмеу керек.(Оқушылардан ойын ережесі бойынша сұрақ туады)
(МК) Оқушылар ойынды ережесіз ойнай алмайды.
- Неге сендер ережесіз ойынды ойнай алмадыңдар?
- Ережесіз ойын бола ма?
- Ережесіз ойындардың жеңімпазы бола ма?
- Өмірде де белгілі ережелер мен заңдар болмаса қалай болар еді?
- Ереже мен заңдар не үшін қажет?
- ҚР Конституциясы деген не?
(МК) Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы қысқаша түсінік беру.

Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
(МК) ҚР Конституциясынан оқушыларға түсінікті бірнеше тарауды көрсету. Мысалы, 1- тараудың 7-бабының 1-тармағы:
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
12-бап
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
15-бап
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
34-бап
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
(МК) Оқушыларға құқық пен міндеттің арасындағы айырмашылық туралы түсіндіру.
Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы.
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
(Ж) (ҚБ) Әр жұпқа төменде берілген құқықтары мен міндеттерін араластырып беру. Оқушыларға екі бағанға бөліп қағазға жабыстыруға тапсырма беру.
Құқық
Міндет

1. Мектептің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтау...
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындау...
3. Оқу бөлмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру...
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге...
5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуы...
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге...
7. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтау...
1. Әр бала өз ата-тегін алуға ...
2. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге ...
3. Тегін ауруханада емделуге...
4. Тегін білім алуға, демалуға, ойнауға...
5. Өз ана тілінде сөйлеуге...
(Ұ) АКТ да ҚР Конституциясы туралы ақпараттар табу. Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісуге болады. Ол үшін «Жеті жарғы» туралы алған білімді еске түсіру.
Үйге тапсырма. Өз міндеттері туралы жазу, әңгімелеу..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Асқазаныңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle