Сабақ жоспары (ұмж): Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тартымды адамдардың қағидалары

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.2 Қолайсыз ауа-райы, геологиялық және табиғи климаттық апаттар туындаған жағдайлардағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп – қатерді анықтау және бағалау.
3.1.4.4 Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Төтенше жағдай ұғымын түсінідіре алады;
• табиғи ортадағы қауіп-қатерді анықтай алады;
• өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады.

1. Топқа бөліну «Жыл мезгілдері»
Оқушылар топқа бөлінеді: туған күндері қыста – 1 топ; жазда -2 топ; көктемде -3 топ, күзде – 4 топ Топтағы оқушылар саны тым артық болып кетсе реттеуге болады.

2. «Артығын тап» (жеке)
Берілген сөздерде артық сөзді тап, қалған ұғымдарды бір сөзбен жалпылап айт.

Орман өрті
Қар көшкіні
Жер сілкінісі
Су тасқыны
Ұшақ апаты
Жауаптарын топта талқылау.

3. Сабақ мақсатын анықтау
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-Төтенше жағдай ұғымын түсінідіреміз;
-табиғи ортадағы қауіп-қатерді анықтаймыз;
- табиғи ортадағы қауіпсіздігімізді жоспарлаймыз.
4. Тапсырма «Алгоритм құрастыру» (жұпта)
Оқушылар топта қолайсыз ауа-райы, геологиялық және табиғи климаттық апаттар туындаған жағдайлардағы өзін-өзі ұстау ережелерінің кезеңдерін құрастырады. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Бағалау критерийлері:

• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін құрастыра алады;

5. «Мен – зерттеушімін» іскер ойыны (топта)
Әр топ газет беттерінде жарияланған материалдар негізінде табиғи ортадағы қауіп -қатерді анықтайды, себеп-салдарын белгілейді. Жұмыс соңында оқушылар бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.
Бағалау критерийлері:
• дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп – қатерді анықтайды және бағалайды;


6. «Сыртқы және ішкі шеңбер» дидактикалық ойыны (ұжымда)
Ішкі шеңбердегі оқушылар «Жанды табиғат» бойынша сыртқы шеңбердегі оқушыларға сұрақ қояды. Белгі бойынша сыртқы шеңбердегі оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, оңға жылжиды. Барлық оқушылар қатысуға мүмкіндік алады. Сұрақтарды тек бір сабақ көлемінде емес, тарау тақырыптары бойынша қоюға болады.

Бағалау критерийлері:

• табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle