Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи жағдайлар және адамның іс- әрекеттері (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи жағдайлар және адамның іс- әрекеттері (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Табиғи жағдайлар және адамның іс- әрекеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіру (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Табиғи жағдайлардың адам қызметіне әсерін түсіндіре алады;

1. Топқа бөліну
Оқушылар туған күндері мен айларының кему ретімен қатарға тұрады. Бірақ дауыстап сөйлеуге рұқсат етілмейді, тек ыммен бір-бірін түсініп орналасады. Тұрып болғаннан кейін әр оқушы өз туған күні мен айын атау арқылы қатар дұрыстығы тексеріледі. Түзетулер еңгізіледі. Оқушылар 1-5 дейн санау арқылы 5 топқа бөлініп жайғасады.
2. Кіріспе әңгіме
Оқушылардың көңіл-күйлері сұралып, сабақ өтуге ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ туғанын айтылады. Бұл жасанды қолайлы жағдай екені айтылады.

3. «Гүл сыйлау» стратегиясы
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
-адам өмір сүру үшін қандай табиғи жағдайлар қажет?
-қолайлы табиғи жағдайлар ата;
-қолайсыз табиғи жағдайларды ата;
-мысалдар келтір;
-Полярлық белдеуде адамдар өмір сүру үшін қолайсыз жағдайларды қалай жеңеді?
-Экваторлық белдеуде аса ыстықтан адамдар қалай қорғанады?
-Сенің ойыңша өмір сүруге ең қолайлы белдеу немесе аймақ? Дәлелде.
Т.б.

4. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- табиғи жағдайлардың адам қызметіне әсерін түсінесің;
5. Картамен жұмыс (жұпта) «Халықтың орналасуы тығыздығы» картасы ұсынылады.
-Неліктен кейбір аймақтарда халық көп, ал кейбір аймақтарда аз қоныстанған? Оқушылар өткен сабақта алған білімдеріне сүйеніп дәлелдер келтіреді.

6. «Үздік ойлар алаңы» стратегиясы (топта)
Әр топқа суреттер таратылып беріледі. (мақта, балық, мал, астық шаруашылығы)
Талқылауға ұсынылатын сұрақ:
-Бұл шаруашылық түрлері туралы не білесіңдер?
-Бұл шаруашылық түрлері қай аймақтарда басым болады?
-Табиғи жағдайлар адам қызметіне қалай әсер етеді?
Оқушылар суреттер негізінде сұрақтарға жауап іздейді. Өз ойларын ортаға салып, шағын зерттеулер жүргізу арқылы қорытынды шығарады.
Бағалау критерийлері:
• адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;

7. «Сәйкестендіру» тапсырмасы (жеке)
Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс.
Халық шаруашылығы бейнеленген суреттерді физикалық картадағы халықтың орналасуына қатысты сәйкестендіреді. Халықтың әртүрлі қоныстануы және олардың шаруашылығы қолайлы климаттық жағдайларға байланысты екенін талдап, түсіндіреді.
Бағалау критерийлері:
• адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
• халықтың әр түрлі қоныстану себебін анықтап, мысал келтіре алады..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
БАЛА БОЛМАУДЫҢ 50 пайызы ЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle