Сабақ жоспары (ұмж): Отбасым – бақыт мекенім (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Отбасым – бақыт мекенім (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Мінезіңіз кіммен үйлеспейді

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адамгершілік»
Сабақ тақырыбы: Отбасым – бақыт мекенім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.3 Өз отбасының құндылықтарын анықтау.
3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын ұсыну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• өз отбасының құндылықтарын анықтайды;
Отбасы мен қоғамда өзін –өзі ұстау ережелерін құрады.

1. «Адасқан әріптер» ойыны (жұпта)
Оқушылар берілген әріптерді қатыстырып, сөз құрайды.
О Т С А Ы Б – ОТБАСЫ
Құрылған сөзді айтады.

2. «Алтын шеңбер» стратегиясы (ұжымда)
-Оқушылар шеңбер бойымен отбасы сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды, немесе отбасы туралы мақал-мәтел айтуына болады.
-Оқушылар шеңберде тұрып, өз отбасы туралы бір сөйлемнен айтады.

3. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-өз отбасыңның құндылықтарын анықтаймыз;
- Отбасы және қоғамда өзін –өзі ұстау ережелерін құрамыз.

4. «Ойлан. Бөліс. Талқыла» (топта)
-Мұғалім топтарға «құндылық» сөзін талқылауға береді. Оқушылар топпен ойласа отырып, «құндылық» сөзінің мағынасын ашады. Өз пікірлерімен бөліседі. Мұғалім әрбір пікірін тыңдап, жауаптарының дұрыс не бұрыс екендігін анықтау үшін тақтадағы суретке назар аударуларын сұрайды.

-Отбасылық сурет көрсетіледі.
Тапсырма: Отбасына сипаттама бер.
-Суретте не бейнеленген?
-Отбасы мүшелерінің іс әрекетіне назар аудар. Бұл қандай отбасы деп ойлайсың? Неліктен?
Оқушылар суретте бейнеленген іс –әрекетті сипаттайды. Өз пікірлерін ортаға салады.
Оқушылардың жауаптары негізінде анықталған отбасылық құндылықтар тізімі тақтаға жазылып отырады.
5. Қойылым көрсету (топта)
Оқушылар тақтада жазылған отбасылық құндылықтың ішінде ең маңызды деген 4 құндылықты таңдап алып, қима қағаздарға жазады. Қима қағаздар бүктеліп, «жеребе» таңдалады. Әрбір топ өзіне берілген отбасылық құндылықты анықтайтындай қойылым ұйымдастырады. Қойылым соңына «көрермен» топ қандай отбасылық құндылықты көрсетендерін анықтауы қажет.
Бағалау критерийлері:
• Қойылым отбасылық құндылық мәнін ашады;
• Қойылым барысында өзін – өзі ұстау ережелері сақталды.

6. «Ізден. Ойлан. Құрастыр. Анықта». тапсырмасы (топта)
-Мұғалім оқушыларға сурет қиындыларын / бөліктерін таратып береді. Мұғалім рұқсат берген кезде әрбір оқушы суреттің келесі бөліктерін (жалғасын) тауып, тұтас сурет құрастырулары керек.
-Құрастырған сурет бойынша оқушылар бір топқа бірігеді.
-Топтық жұмыс тапсырмасы:
1 топ:отбасы әдеп нормаларына ереже құрастыру.
2 топ:қоғамдық көлік әдеп нормаларына ереже құрастыру.
3 топ: театрдағы әдеп нормаларына ереже құрастыру.
Әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды, қажеттілігіне қарай түзеулер мен толықтырулар енгізіледі.
Бағалау критерийлері:
1. Отбасылық әдеп нормаларына 3 ереже құрастырады;
2. Қоғамдық көлік әдеп нормаларына 3 ереже құрастырады;
3. Театрдағы әдеп нормаларына 3 ереже құрастырады..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақта ұмыт болып бара жатқан боза сусыны



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle