Сабақ жоспары (ұмж): Ата заң – мемлекеттің негізі (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ата заң – мемлекеттің негізі (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақта ұмыт болып бара жатқан боза сусыны

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адамгершілік»
Сабақ тақырыбы: Ата заң – мемлекеттің негізі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.5.1 ҚР Конституциясының маңызын түсіндіру.
3.3.5.2 Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру.
3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.
3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын түсіндіру.
3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастырады;
• Сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын айқындайды;
• Өз тәжірибелері мен бақылауларына сүйене отырып, ҚР Конститутциясының маңызын түсінеді.

1. Жұпқа бөліну
Оқушыларға «Бұлақ» ойынын ойнау ұсынылады. Ойын шарты әдістемелік нұсқаулықта берілген. Ойын соңында оқушылар сол жұптарымен жұмысты жалғастырады.

2. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы (жұпта)
- Оқушыларға жағдаят жазылған конверт ұсынылады. « Өзіңді сыныпқа келдім деп ойла.. Сыныпта мұғалім жоқ. Сен не істер едің?» Оқушылар жұппен талқылайды және өз пікірлерін жазады. Сосын әр жұп өзінің осы жағдаяттан қалай шығатыны жайында ұжымға айтады.
- Қорытындылау барысында «Өзін – өзі басқару деген не?» ұғымына түсінік беріледі.
- Әр топта сыныптың 3 ережесін құрастыру тапсырылады. «Сыныпта мұғалім жоқ болса да тәртіп болу үшін негізгі 3 ережені ұсыныңдар. Осындай ережелер қоғамда бар ма? Олар қалай аталуы мүмкін?»
Бағалау критерийлері:
• Сыныптың өзін-өзі басқару 3 ережесін құрай алады;

3. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастыру;
- Сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын айқындау;
- ҚР Конститутциясының маңызын түсіну.
4. «Т кестесі» стратегиясы (топта)
Сынып ережелеріне сүйене отырып оқушының құқығы мен міндеттерін «Т кестесіне» жазу ұсынылады.
құқығы міндеті
еңбек үлкенді сыйлау
тегін оқуға ата-анасын құрметтеуге т.б
Кестені қорытындылау сұрақтары:
-Құқық дегеніміз не?
- Міндет дегеніміз не?
- Құқықтар мен міндеттердің айырмашылығы неде?
- Құқықтар мен міндеттер қандай құжаттар көрсетілген?
- Конституцияның маңыздылығы неде?
- Конституция не үшін керек?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, кері байланыс жасалады, толықтырулар енгізіледі.
Бағалау критерийлері:
• Оқушы құқығы мен міндетін ажырата алады;

5. «Талқыла. Дәлелде». Мәтінмен жұмыс (топта)
Мұғалім әр топқа Қазақстан Республикасының заңынан баптарды таратып береді.
- Мәтінді оқып, баптарды үш топқа жіктеу керек.
1-топ: еңбекке қатысты баптар;
2-топ: білімге қатысты баптар;
3-топ: отбасына қатысты баптар.
- Жіктеп болғаннан кейін, әр топ жұмыстарын қорғайды:
1-топ: еңбекке қатысты бапты оқып, оның қажеттілігін дәлелдейді.
2-топ: отбасына қатысты бапты талқылап, оның маңыздылығын дәлелдейді.
3-топ: білімге қатысты бапты талқылап, оның маңыздылығын дәледейді.
Бағалау критерийлері:
• ҚР Конституциясының баптарын атай алады;

6. «Ата заңым- қорғаным» тақырыбында эссе жазу.
Мақсаты: Конституцияның маңыздылығын түсіну, Ата Заңды құрметтеуге баулу.
Оқушылар «Ата Заңым - қорғаным» тақырыбында эссе жазады.

Эссені бағалау критерийлері:
• Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін біледі;
• Оқушы құқығы мен міндетін ажырата алады;
• ҚР Конституциясының баптарын атай алады;
• ҚР Конституциясының маңызын түсіндіре алады;
Эсседегі сөйлем саны: минимум – 5, максимум -12.
Грамматикалық қателер болмауы тиіс. .........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ғибрат Бала тілімен



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle