Сабақ жоспары (ұмж): Адамдар не үшін еңбек етеді? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Адамдар не үшін еңбек етеді? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Алғашқы жыныстық қатынас (секс) немесе қыздықпен қоштасу (+18)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адамгершілік»
Сабақ тақырыбы: Адамдар не үшін еңбек етеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.3.5.2 Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• адамның дамуына еңбек қалай әсер ететінін түсінеді;
• тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің қалай әсер ететінін түсіндіреді.

1. Миға шабуыл
Оқушыларға видеокөрсетілім ұсынылады. Көрсетілім алдында бірқатар сұрақтар қойылады:
- Экраннан көріп отырғандарыңды еңбек деп атауға бола ма?
- Еңбек деген не?
- Еңбектің қандай түрлері болады?
-Адамдар не үшін еңбектенеді?

2. Талқылау және ой білдіру (ұжымда)
Оқушылар сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, талқылайды. Осы көрсетілімнен өзге өздері өмірлерінде көзімен көрген және естіген басқа да еңбек түрлері жайлы әңгіме қозғалады. Мысалдар келтіріледі.

3. Болжау
Оқушылар тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбек қалай әсер ететінін жалпылама болжайды. Барлық болжауларды мұғалім тақтаға жазып, сабақтың соңына дейін жазбаны қалдырады.

4. Сабақ мақсатын анықтау
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары анықталады:
- адамның дамуына еңбек қалай әсер ететінін түсіну;
- тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру.
5. «Түсіндір» (топта)
- оқушылар 4 топқа бөлінеді. Ол үшін олар жеке сөздерден еңбек туралы 4 мақал құрайды және мағынасын түсіндіреді.

- Әр топқа сюжетті сурет ұсынылады.
Оқушылар «Адамға не қажет, неге мұқтаж?», «Еңбекпен қандай қажеттіліктерді қанағаттандыруға болады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, суретті сипаттайды.

6. «Сәйкестендір» (топта)
Оқушыларға сюжетті суреттер/жазылған сөздер ұсынылады, «ой еңбегі» және «дене еңбегі» деген екі жәшікке оларды бөліп салулары керек. Оқушылар топта талқылап, өз таңдауларының дұрыс екендіктерін дәлелдейді . Тапсырманы мұғалімнің презентациясындағы дұрыс нұсқасымен сәйкестендіріп тексереді.

Бағалау критерийлері:
• Ой еңбегі мен дене еңбегін ажыратады.


7. Дәлелде (жеке)
Оқушылар дәлелдеуге арналған тұжырымдарды таңдап алады:
-Адамның дамуы үшін еңбектің қажет екендігін дәлелде;
-Отбасы үшін еңбектің маңыздылығын дәлелде;
-Қоғам мен мемлекет еңбексіз дами алмайтындығын дәлелде.
3 минут уақыт ішінде ең аз дегенде 3 дәлелдеме жазулары қажет.

Бағалау критерийлері:
• адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің әсеріне дәлелдер келтіреді.

8. «Болжауды тексерейік» стратегиясы (ұжымда)
Мұғалім оқушылардың назарын тақтаға аударады. Сабақтың басындағы
адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің әсеріне жасалған болжаулар тексеріледі. Сәйкес келген барлық жазбаға «+» белгісі қойылады. Оқушылар бұл тізімді бүгінгі алған ақпараттарын пайдалана, еңбектің рөлі туралы әңгімелей отырып, толықтырады.

Бағалау критерийлері:
• адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі туралы әңгімелейді..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ас үйге қатысты пайдалы кеңестер



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle