Сабақ жоспары (ұмж): Құқық әлеміне саяхат. Мен өз міндетімді білемін бе? (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Құқық әлеміне саяхат. Мен өз міндетімді білемін бе? (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Құқық әлеміне саяхат. Мен өз міндетімді білемін бе?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату
Сабақ мақсаты: Өз міндеттері мен құқықтарын біліп және оларды ажыратуды үйренеді

(Ұ) Балалар құқығы мен міндеттері бойынша берілген суреттермен талдау жұмыстарын жүргізе,ой бөліседі.
Сабақтың мақсаты
Өз міндеттеріміз мен құқықтарымызды біліп,үйренетін боламыз
Біздің міндеттеріміз қандай?
(Ұ) «Қапшықтағы фасоль» стратегиясы. Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім қолындағы қапшықты бір оқушыға лақтырып, сұрақ қояды. Оқушы жауап бергеннен кейін, келесі оқушыға лақтырып, өз сұрағын қояды. Сұрақтар тақырыпқа қатысты қойылуына назар аударту.
-Міндет деген не?
-Құқық пен міндетіңді ажырата аласыңдар ма?
-Балалар қандай еңбек әрекетін атқара алады?
-Балалар атқарған істер айналасындағы адамдарға қалай әсер етеді?
Оқушылар құқық пен міндеттің арасындағы айырмашылықты талқылап, өзінің күнделікті тәжірибесінен мысалдар келтіріп айтуын ұсыну

(Ж) Мазмұнды суреттермен жұмыс. Еңбек операцияларының суреттерін ұсыныңыз: ыдыс жуу, бөлмені жинастыру, үй тапсырмасын орындау, дүкеннен нан әкелу, т.б. Оқушылар отбасы мүшелері арасында еңбек әрекетін бөліссін.
(Т) (Ж) Жағдаяттарды шешу. Оқушыларға жолда жүру ережесін сақтаудың міндет екенін ескермеген жүргізуші немесе жолаушы туралы суретті талқылауды ұсыныңыз.
Оқушылар топта екі жағдайдың да салдар тізбегін құрып, қортындысын жасайды:
«Егер міндеттерді орындаса, онда ... »,
«Егер міндеттерді орындамаса, онда...».
Әр істің қандай салдары болуы мүмкін екенін болжайды. Болжамын сызба түрінде ұсынады. Жұмыстарын басқа топтарға ұсынады

(Ө)(ҚБ) Коллаж құрастыру. Мен қандай міндеттерді орындап жүрмін? Оқушылар өз күнделікті өмірінен «Үйде», «Мектепте», «Көшеде» суреттерінің бірін таңдап және коллаж құрастырады.

Заңнамалық құжаттарда құқықтар мен қатар міндеттер туралы да айтылатындығын түсіндіріңіз. Бұл сөзді балалар қалай түсінетіндігін, олар қандай мысалдар келтіре алатындығын сұрауға болады.
Ойын барысында оқушылардың құқық пен міндетті қалай түсінетіндіктерін анықтаңыз. Бірін – бірі тыңдауларына көңіл бөліңіз.

Отбасында кім қандай жұмыстарды атқарады және неліктен екендігі туралы пікірлерін анықтаңыз. Үйдегі еңбек әрекеттері ерікті түрде орындалады, бірақ оның орындалуына үй-ішінің жайлылығы мен тазалығы байланысты екендігін көрсету. Ананың демалуға құқығы бар, олай болса, оған көмектесу керек. Кәрі адамдар көмекке зәру, олай болса оларға көмектесу керек, бір кезде олар да саған қамқорлық жасаған еді.
Ал міндет – жүктелген жауапкершілік. Оқушыларға бір нәрсеге құқығы болуы, басқа адамда міндетті туғызуы мүмкін екендігін жеткізу керек. Құқық пен міндеттің арасындағы байланысты оқушылар ұсынған мысалдар арқылы қарастыруға болады.
Балалар жолда жүру ережесін ескермеген жағдайдың салдарынының тізбесін болжайды. Ережені орындамау Жол полициясымен арадағы мәселеге алып келеді. Жүргізуші куәлігінен айырылу мүмкіндігі, қоғамдық көлікпен жүру, жұмыстан кешігу, жұмыстан айырылу, жұмыссыздық, жоқшылық және т.б. Бұл болжамды сызба түрінде бейнелеуге
болады. Бала өміріне қауіп төну, жарақат алуы, денсаулықты жоғалтуы
Қалыптастырушы бағалау
Аты жөні:..........

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара.
Балалардың іс-әрекеті туралы әңгімеле.
Оның қоғамға қандай пайдасы бар?

Сұрақтарға сүйеніп, топта ой бөліс.
Адамдар қоғамдық жұмыстарға не үшін
қатысады?
Қоғамға қызмет ету қандай нәтиже береді?
Сен қоғамдық жұмыстарға қатысып көрдің бе? Сен қоғамға қызметті неден бастар едің?
ДескрипторБілім алушы
суреттер бойынша ой қорытады;
қоғамға қызмет етудің маңыздылығын
түсіндіреді;
қоғамдық жұмыстарға қатысты өз үлесін сипаттайды..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
БАЛА БОЛМАУДЫҢ 50 пайызы ЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle