Сабақ жоспары (ұмж): Үш перпендикуляр туралы теорема (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Үш перпендикуляр туралы теорема (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ақша ырымдар

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі перпендикулярлық
Сабақ тақырыбы: Үш перпендикуляр туралы теорема
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.3.1-үш перпендикуляр туралы теореманы білу және есептер шығаруда қолдану.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- үш перпендикуляр туралы теореманы есептер шығаруда қолданады.

Ұйымдастыру
- оқушылардың назарын шоғырландыру;
- оқушылармен бірлесе отырып, сабақ мақсаттарын анықтау;
- бағалау критерийлерін қалыптастыруға баса назар аудару
Үй жұмысын тексеру
Қайталау
1.Кеңістіктегі үш перпендикулярдың анықтамасы;
2.Үш перпендикуляр туралы теорема;
3. Үш перпендикуляр туралы теореманың дәлелдеуі;
4. Үш перпендикулярға кеңістіктен мысал келтір.
Ауызша
1.Берілген суретте неше тікбұрышты үшбұрыш бар екенін анықта.
.
2. Берілген суреттен перпендикуляр түзулерді анықта

3. Суреттегі түзулер .... перпендикуляр орналасқан ба?
Себебін түсіндіріңіз.
1. B_1 D,AC
. . 2. SC,AB
3. A_1 M,BC
Қорытынды: Көлбеудің табаны арқылы өтпеген жазықтықта жатқан түзу, оның проекциясына перпендикуляр болса,көлбеудің өзіне де перпендикуляр болады.
Cұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылармен қалған оқушылардан жұп құру.
Жұптық жұмыс:
Тапсырма 1
ABCD квадратының A төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. BC KB-ға перпендикуляр екенін дәлелде.
Дескриптор: Оқушы
AK перпендикулярын тұрғызады;
үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
BC KB-ға перпендикуляр екенін дәлелдейді
Тапсырма 2
ABCD квадратының B төбесінен оның жазықтығына қатысты BM перпендикуляры тұрғызылған. AC MO-ға перпендикуляр екенін дәлелде (O – диагональдардың қиылысу нүктесі).
Дескриптор: Оқушы
ВМ перпендикулярын тұрғызады;
үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
AC MO -ға перпендикуляр екенін дәлелдейді
Тапсырма 3
ABCD тікбұрышының төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. Kнүктесінен басқа төбелерге дейінгі арақашықтық 6 см, 7 см, 9 см-ге тең. AK перпендикулярының ұзындығын тап.
Дескриптор: Оқушы
АК перпендикулярын тұрғызады;
үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
AK перпендикулярының ұзындығын табады.

Жұптар орындалған жұмыстарын бір-бірімен алмастырып дескриптор бойынша тексереді, бағалайды
Тақтада:
𝑀𝐵𝐸 (∠𝐵 = 90°) тікбұрышты үшбұрышы 𝛼 жазықтығында жатыр. 𝑀𝐵 = 9 см, ал 𝑀𝐸 = 15 см. Осы жазықтыққа ұзындығы 5 см болатын 𝐶𝐵 перпендикуляры жүргізілген. 𝐶 нүктесінен үшбұрыштың 𝑀𝐸 қабырғасына дейінгі қашықтықты тап.
Дескриптор: Оқушы
СВ перпендикулярын тұрғызады;
үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
𝐶 нүктесінен үшбұрыштың 𝑀𝐸 қабырғасына дейінгі қашықтықты табады.
Жеке жұмыс:
Бағалау
критерийі Оқушы
Есеп шығаруда үш перпендикуляр
туралы теореманы қолданады;
Төбесі 𝑆 болатын барлық тікбұрышты
үшбұрыштарды жазады;
Нүктесінен үшбұрыш қабырғасына
жүргізілген перпендикулярдың
ұзындығын есептейді.

𝑆 төбесінен 𝐴𝐵𝐶𝐷 квадрат жазықтығына 𝐵𝑆 перпендикуляры және 𝑆𝐴, 𝑆𝐶 және 𝑆𝐷 көлбеулері жүргізілген. Төбесі 𝑆 болатын барлық тікбұрышты үшбұрыштарды жаз.
2. 𝐴𝐵𝐸 теңбүйірлі үшбұрышы 𝛼 жазықтығында орналасқан. 𝐴𝐵𝐸 үшбұрышының бүйір қабырғалары 10 см, ал табаны 𝐴𝐸 = 16 см. Осы жазықтыққа ұзындығы 8 см болатын 𝐶𝐵 перпендикуляры және 𝐶𝐴, 𝐶𝐸 көлбеулері жүргізілген. 𝐶 нүктесінен үшбұрыштың 𝐴𝐸 қабырғасына жүргізілген перпендикулярдың ұзындығын есепте.
Жауабы:
жақтар 𝐴𝑆𝐵, 𝐵𝑆𝐶, 𝐷𝑆𝐶, 𝐴𝑆𝐷 – тікбұрышты үшбұрыш.
10 см......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle