Сабақ жоспары (ұмж): Екі жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Екі жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ағзағаның дабылына құлақ түріңіз

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы
Сабақ тақырыбы: Екі жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5 жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін білу және оларды есеп шығаруда қолдану
Сабақ мақсаттары: Екі жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және есеп шығаруда қолдану

Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың күтілетін мақсаттарымен таныстыру.
Мұғалім тақырыпты айтады және оқушыларды сабақтың күтілетін мақсаттарымен таныстырады.
Өзін-өзі бағалау парағы
Сабақтың әр кезеңінде толтыру үшін оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы таратылады.
Жаңа тақырып:
Оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазып отырады:
1. Екі жазықтықтың параллельдігінің анықтамасы.
2. Екі жазықтықтың параллельдігінің белгісі.
3. Екі жазықтықтың өзара орналасу схемасы.
4. Екі жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасы, белгісі.

Жаңа тақырыпты бекіту
Ауызша жұмыс
Оқушыларға сұрақтар:
1. Тұжырым дұрыс па: "Егер бір жазықтықта жататын түзу басқа жазықтықта жататын түзуге параллель болса, онда осы жазықтықтар параллель"?
2. Үшінші жазықтыққа перпендикуляр екі жазықтық өзара параллель болатыны дұрыс па?
3. Тұжырым дұрыс па: "Егер бір жазықтықта жататын екі түзу басқа жазықтықта жататын екі түзуге параллель болса, онда осы жазықтықтар параллель"?
4. Берілген нүкте арқылы берілген жазықтыққа перпендикуляр неше жазықтық жүргізуге болады?
5. Параллель емес түзулер арқылы өтетін екі жазықтық параллель бола ма?
6. α жазықтығы β жазықтығына перпендикуляр. α жазықтығының кез келген түзуі β жазықтығына перпендикуляр бола ма?
7. Бір түзуге параллель жазықтықтардың қиылысуы мүмкін бе?
8. Жазықтық пен түзу параллель. Берілген жазықтыққа перпендикуляр жазықтық берілген түзуге де перпендикуляр болады деген тұжырым дұрыс па?
9. Параллель екі түзудің әрбіреуі арқылы жазықтықтар жүргізілген. Осы жазықтықтар параллель деп айтуға бола ма?
10. Жазықтық пен түзу параллель. Берілген түзуге перпендикуляр жазықтық берілген жазықтыққа да перпендикуляр болады деген тұжырым дұрыс бола ма?

Оқушылар есеп шартын оқиды және слайдтағы суреті бойынша түсіндіру арқылы жауабын береді.

Жеке дара жұмыс
Карточка А (орташа деңгей) Оқушыларға тапсырма:
1. A…D1 кубта осы кубтың төбелері арқылы өтетін, АВС жазықтығына параллель жазықтықтарды көрсетіңіз.

2. A…D1 кубтың жақтарын қамтитын параллель жазықтықтар жұбы қанша?

Карточка В (жоғары деңгей) Оқушыларға тапсырма:
1. A…D1 куб берілген. Осы кубтың төбелері арқылы өтетін және AB1D1 жазықтығына параллель жазықтықты атаңыз.

2. Дұрыс алтыбұрышты призмада призманың қырлары арқылы өтетін және
а) AA1; б) AB түзуіне перпендикуляр жазықтықтарды атаңыз. .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жауырындағы жел-құз кеселін қайтару дұғасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle