7-сынып геометрия курсын қайталау. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 7-сынып геометрия курсын қайталау. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрияның алғашқы мәліметтері
Сабақ тақырыбы: 7-сынып геометрия курсын қайталау. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу, ажырата алу және оларды сала алу;
7.3.2.3 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдану
Сабақтың мақсаты: - сыбайлас және вертикаль бұрыштарды ажырата алу және оларды салу;
- сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданып есептер шығару

Сабақтың басында:
- сабақтың құрылымына назар аудару;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару;
- оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын/оқу мақсатын анықтау;
- сабақтың соңында оқушылардан күтілетін нәтижелерді анықтау.
I. Өткен тақырыпты қайталау
1) Анықтама бойынша ауызша сұрақтар:
Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?
Жауабы: Бір қабырғасы ортақ ал қалған екі қабырғасы бір-бірін толықтырып тұратын екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.
Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
Жауабы: Егер бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болса, онда екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
Тұжырым дұрыс па: егер сыбайлас бұрыштар тең болса, ол бұрыштар тік болады?
Жауабы: Ия. Сыбайлас бұрыштардың қасиеті бойынша.
Сыбайлас бұрыштардың бірі сүйір бұрыш. Екінші бұрышы қандай болуы керек (тік, доғал, сүйір)?
Жауабы: доғал

Егер суретте:

болса, 1,2,3,4 бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: а) 700, 1100, 700, 1100.

Критерий бойынша өзін-өзі бағалау:
- Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын тұжырымдайды;
- Сыбайлас бұрыштардың қасиетін пайдаланып бұрыштың түрін (тік, доғал, сүйір) анықтайды?
- Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиетін пайдаланып есепті ауызша шығарады.

2) Оқушылар «Smart Notebook» бағдарламасы мен суреттерді (жол жүру ережесінің белгілері, Алматы қаласындағы метроның картасы және үйдің суреті) пайдаланып сыбайлас және вертикаль бұрыштарды табады және оларды салады. (Қосымша 1)
Алдымен жұмыс жұпта орындалады, кейін оқушы шығып «Smart Notebook» бағдарламасында нәтижелерін көрсетеді.
Критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау:
- Суретте сыбайлас бұрыштарды таниды;
- Суретте сыбайлас бұрыштарды салады;
- Суретте вертикаль бұрыштарды таниды;
- Суретте вертикаль бұрыштарды салады.

II. Топпен жұмыс
Топтар білім деңгейі бойынша ұйымдасқан: А – қарапайым деңгей, В – орташа деңгей, С – жоғары деңгей.
Тапсырмалар оқушылардың қабілеттеріне байланысты таратылады. Оқушылар өз деңгейіндегі тапсырмаларды орындап болған соң ары қарай жүре алады. Топпен жұмыс материалды жақсы есте сақтауға, есепті шешу дағдысын қалыптастыруға, қабілеті жоғары оқушылардан көмек алуға ықпал етеді. Мұғалім қиналатын оқушыларға қолдау көрсетеді, бақылайды, түсіндіреді, кеңес береді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 418



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі