ZHARAR | KZ ✅ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Көпбұрыштарды үйрену
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар:
8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;
8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады.

Сабақтың басы
Стратегия «Уақыт капсуласы»
3 мин Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Сныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру
Стратегия «Уақыт капсуласы». Мұғалім алдын ала әр оқушыға қысқаша тілектер жазылған қағаздарды дайындап, оларды киндер жұмыртқаларына салып қояды. Оқушылар қағаздарды алып, сыныпқа дауыстап оқиды.
1. Алға қойған мақсатқа жету.
2.Сәттілік
3.Бәрі жақсы болады.
4.Көтеріңкі көңіл күй.
5.Барлық жұмыста көшбасшы болу.
6.Білім шыңына шығу
7.Әрдайым жеңімпаз болу.
8.Әр кез алда болу. 1-слайд
Үй жұмысын тексеру
2 мин Бағалау критерийлері:
-Трапецияның бұрыштарын дұрыс табады
-Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін дұрыс қолданады
-Параллель түзулерді біледі және қасиеттерін дұрыс қолданады 2-слайд
Проблемалық сұрақ
2 мин
Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз.
Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40, CF=50, CD=8, EF=10


Тақырыпқа шығу. «Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері»
Сабақ мақсатының қойылуы
3-4-5-слайдтар

Жаңа материалды үйрену
15 мин Жұптық практикалық жұмысы.
1-жұмыс
Оқушылар тапсырмаларды тор көз қағазға орындайды (өлшемі 1×1)
1) АВС үшбұрышын салыңдар. АВ, АС,ВС қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.
2) АВ және ВС қабырғаларының орта сызығын табыңдар (сәйкесінше М және N деп белгілеңіз)
3) МN орта сызығының ұзындығын табыңдар
4) АС және ВС қабырғаларының орта сызығын табыңдар (сәйкесінше K және N деп белгілеңіз)
5) KN орта сызығының ұзындығын табыңыз
6) MK орта сызығының ұзындығын табыңыз
Қорытынды жасаңдар:

Оқушылар өздігінен қорытынды жасайды:
Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель болады және сол қабырғаның жартысына тең. Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады.
Үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманың дәлелдеуі слайдта көрсетіледі........
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Гость Милана - Сегодня, 08:45
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Гость Милана - Сегодня, 08:44
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР