Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін білу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін біледі және есеп шығару барысында оларды қолдана алады.

Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа материалды меңгеру
Үшбұрыш элементтерін еске түсіреміз (төбелері, қабырғасы, бұрыштары)
Бұлардан басқа үшбұрышта қандай кесінділер болады?
 Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.
- Үшбұрыш биссектрисасы— бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді.
- Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарам-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр.
- Орта перпендикуляр (медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортасы арқылы өтетін түзу.
Практикалық жұмыс
Тапсырма жұппен орындалады, мұғалім көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетеді. Әрбір тапсырма орындалып болған соң оқушылардың алған нәтижелері тыңдалып, тақтада қорытынды жасалынады.
1 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады. Медианалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

2 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.
Биссектрисалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.


3 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.
АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.
Биіктіктердің дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

4 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортасы арқылы өтетін түзу.
Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.
Орта перпендикулярлардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 693



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі