Сабақ жоспары (ұмж): Тригонометриялық функциялардың жарты аргументтінің формулалары (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тригонометриялық функциялардың жарты аргументтінің формулалары (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дұға: Мухаррам айы - Ашура түні

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометрия
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың жарты аргументтінің формулалары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: тригонометриялық функциялардың келтіру формулаларын(sin(180°-A) = sinA т.б) қосу формулаларын sin⁡(A±B),cos⁡(A±B),tg⁡(A±B) т.б., қос және жарты аргументтің формулаларын, қосындыны көбейтіндіге түрлендіру формулаларын көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формулаларын қорытып шығарады және есептер шығару кезінде қолданады
Сабақ мақсаттары: Оқушыларға тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрышқа қатысты формуласын үйрету.
Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштарының формуласын қолданып, есептер шығауда қолдануды үйрету.

I Ұйымдастыру кезеңі (1мин): Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.
ІІ Үй жұмысын тексеру. (3 мин)
Оқушылар үй жұмысын интерактивті тақтадан көрсетілген жауаптарға қарап тексереді және кеткен қателерімен бөліседі, оқушылармен талдайды.
Жаңа сабақ түсіндіру: (15 минут)
Ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында диалогтік оқытуды негізге ала отырып, оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру.
Миға шабуыл: Оқушыларға ашық жауапты талап ететін білу, түсіну, қолдану және анализ дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар беру.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау үшін, сынақтан өткізу сұрақтарын қою:
- Қай формуланы қолдандыңыз?
- Не себепті бұл формуланы қолдандыңыз?
Жоғарыдағы формулаларды дәлелдегеннен соң,
тепе теңдігін көрсету.
Анализ дағдысына арналған тапсырмалар беру.

Тапсырманың орындауға арналған көмекші сұрақтар:
- өрнегін қалай өрнектедіңіз?
- Бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей тригонометриялық өрнекке бөлсек қалай болады?
- Қай формуланы қолдандыңыз?
- Градус шамасын қалай келтірдіңіз?
Түрткі сұрақтардың көмегімен оқушылармен бірге тапсырманы орындаймыз және оқушылардың есепті түсінген – түсінбегендігін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймыз.
Жаңа сабақты бекіту (5минут): Білу, түсіну, қолдану дағдыларына арналған 6 тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Үлгерімі төмен оқушылармен тақтада жұмыс жүргізіледі.

Өрнекті мәнін табыңыз Өрнекті ықшамдаңыз

Жеке жұмыс (11 минут): Оқушылардың алған білімін бағалау мақсатында тапсырмалар жазылған парақшалар таратылады.

А В С
Өрнектің мәнін табыңыз

Егер tg(45 +α) = a тең болса, tg α мәні неге тең?

Өрнекті ықшамдаңыз

Тапсырманы орындау барысында қиындыққа кенелген оқушыларға сынақтан өткізу сұрақтарын қойып, бағыт бағдар беріп отыру.
Бағалау
Берілген уақыт аяқталғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын алмастырып, жауап парақшаға қарап өзін-өзі бағалайды. Оқушы 12 тапсырманың 10 тапсырмасын толық, қатесіз орындаса бүгінгі сабақтың мақсатына «жетті»-деген баға алады.
Ең көп, орта, төмен жинаған оқушылардың нәтижесін айтып, бүгінгі сабақты қорытындылау. .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle