Сабақ жоспары (ұмж): Құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді ықшамдау және мәнін табу (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді ықшамдау және мәнін табу (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ақ аяқ киімді күту жолдары

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометрия
Сабақ тақырыбы: Құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді ықшамдау және мәнін табу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.4 - құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәндерін табу.
Сабақ мақсаттары: Оқушыларға алдыңғы меңгерілген білім: кері тригонометриялық функциялардың қасиеттері және тригонометриялық функциялардың келтіру, екі еселенген аргумент формулаларын қолдана отырып, кері тригонометриялық функциялар қатысқан өрнектерді ықшамдауды үйрету.

I Ұйымдастыру кезеңі(2 минут): Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушыларда сабаққа қажетті құралдардың болуын қадағалау.
II Миға шабуыл(7 минут):
Калькулятордың көмегінсіз, төмендегі өрнектердің мәнін анықтайды(бірлік шеңберді қолдануларына болады).

Оқушыларға тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беремін, тапсырманы орындап болғаннан соң өзара бағалауды қолдана отырып, бір-бірінің дәптерін тексеруді сұраймын. Оқушылардың қолына дұрыс жауаптар таратылып беріледі. Оқушылар бір-бірінің жұмысын төмендегі дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексеріп шығады.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындату арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын жариялаймын.

Жаңа сабақ(10 минут):
Оқушыларға түркі сұрақтар қою арқылы:
- Тригонометриялық функциялардың екі еселенген аргумент формулаларын;
- Кері тригонометриялық функциялардың анықталу облысы және мәндер облысын;
- Кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін
еске түсіремін.
Оқушылардың бүгінгі тақырыпты меңгеруге қажетті білімдерін қалыптастырып болғаннан соң(еске түсіріп), кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді ықшамдауға мысалдар қарастырамын(сыни тұрғыдан ойлауын қажет ететін түрткі сұрақтар көмегімен есептің шешімін оқушылармен бірге шығару).
Жаңа сабақты бекіту(15минут):
Оқушылардың бүгінгі сабақты меңгергендігін тексеру мақсатында жеке жұмыс ұйымдастырылады. Тапсырманы орындап болғаннан соң бағалау критерийі таратылып беріледі. Оқушылар дәптерлерін алмастырып, бір-бірінің жұмысын тексеруді бастайды. Егер бағалау критерийіне сай тапсырманың 80%-ы дұрыс орындалған болса, оқушы сабақтың оқу мақсатына қол жеткізеді......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қан қысымыңыз көтерілсе



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle