Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Холецистит ауруының алдын алу

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;
Сабақ мақсаттары: • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін меңгерту;
• Әдістерді есеп шығаруда қолдану;
• Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешуді қорытындылау.

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар қою:
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін қалай шығарамыз?
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешуде қандай әдістерді білесіздер?
М/Ұ
Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.
Т
1 – топ тапсырмалары:
1.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер: {█(y=x^2+4x-2,@y=6x-3.)┤
2. Егер (x;y)-{█(1/x-1/y=3/4,@xy=4)┤ теңдеулер жүйесінің шешімі болса, x-y өрнегінің мәнін табыңдар.
3. Теңдеулер жүйесін шешіңдер: {█(x+4xy+y=6,@x^2 y+xy^2=2.)┤
2 – топ тапсырмалары:
1.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер: {█(2x-y+2=0,@x^2+y^2=169.)┤
2. Егер (x;y)-{█(1/x+1/y=5/6,@xy=6)┤ теңдеулер жүйесінің шешімі болса, x+y өрнегінің мәнін табыңдар.
3. Теңдеулер жүйесін шешіңдер: {█(3x-xy+3y=8,@x^2+y^2-5x-5y=-12.)┤
3 – топ тапсырмалары:
1.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер: {█(2x-y=-2,@xy=4.)┤
2. Егер (x;y)-{█(1/x-1/y=1/4,@x-y=-2)┤ теңдеулер жүйесінің шешімі болса, xy өрнегінің мәнін табыңдар.
3. Теңдеулер жүйесін шешіңдер: {█(x-xy+y=1,@x^2+y^2+2x+2y=11.)┤
Топтық жұмысты тексеру. Оқушылар орындаған жұмыстарымен тақтада таныстырып, қорғайды.Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.
Жетістік критерийлері:
1)Есеп шығаруда әдістерді дұрыс қолданған;
2)Шешімдерді дұрыс тапқан;
3)Жауаптың дұрыстығын тексеріп, көрсетеді.
Дескрипторлар:
А)Әр теңдеуге сәйкес графигін бір координаталық жазықтыққа салады;
Ә) Графиктердің қиылысу нүктесінің координатасын тапқан.
Б) Теңдеулер шығаруда таңдаған әдісті дұрыс қолданған;
В) Өрнектің мәнін тапқан.
Г)Теңдеулер шығаруда таңдаған әдісті дұрыс қолданған;
Ғ) Теңдеудің шешімін жазған.
Ө
Тапсырма бойынша саралау:
А
1.Теңдеулер жүйесін шешіңіз: {█(1/x+1/y=1/6,@x-y=5)┤
2. x-y=5 түзуі мен y=x^2-5x+5 параболасының ортақ нүктесі бар екенін дәлелдеңіз және осы нүктенің координатасын табыңыз.
Б
1. Суретте шаршы түріндегі бассейн және оның ішкі бөлігіне кіріп тұратын фонтанның жоспары көрсетілген. Бассейннің еденінің периметрі 24 метр, ал ауданы 21 шаршы метр. Бассейн мен фонтанның өлшемін табыңыз.

2.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңіз:
{█(y=x^2-4x+4,@y=-2x^2+x+16.)┤
С
1. Теңдеулер жүйесін шешіңіз: {█(x^2+xy-3y=9,@3x+2y=-1.)┤
2.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңіз:
{█(x-y=3,@x^2-4x+y^2+6y=-9.)┤
(Екінші теңдеуді шеңбердің теңдеуіне: (x-x_0 )^2+(y-y_0 )^2=R^2 түріне келтіресіз)
Өзіндік жұмысты тексеру:Бірдей деңгейдегі тапсырманы оқушылар бір топқа жиналып, шығарған жауаптарын салыстырып, есепті бірге талқылайды.
Дескрипторлар:
А
1)Теңдеулер шығаруда таңдаған әдісті дұрыс қолданған;
2)Теңдеудің шешімін жазған.
3)Әр теңдеуге сәйкес графигін бір координаталық жазықтыққа салады;
4)Графиктердің қиылысу нүктесінің координатасын тапқан.
Б
1)Суретке қатысты теңдеулер жүйесін дұрыс құрған;
2) Теңдеудің шешімін тапқан.
3)Әр теңдеуге сәйкес графигін бір координаталық жазықтыққа салады;
4)Графиктердің қиылысу нүктесінің координатасын тапқан......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle