Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау 1-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау 1-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бас ауруын қойдыратын әдістер

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау 1-сабақ (А-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- квадрат түбірдің мәнін калькулятор көмегімен есептей алады;
- квадрат түбірдің мәнін бағалай алады;
- квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау.

3. Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар жұпқа біріктіріліп, толық квадрат емес сандардан калькулятор көмегімен квадрат түбір алулары керек. Жауаптарын ұсынылған кестеге енгізеді.
Оқушылар жауаптарын кестеге енгізіп болғаннан кейін, оқушылардың калькуляторды қолданудың кемшілігін анықтауды қадағалаңыз. Калькулятор тек санаулы цифрлар санын ғана көрсеткендіктен, квадрат түбірдің мәні шектеулі сан ретінде беріледі.

4. Бекіту
Оқушыларға берілген сандардың квадрат түбірлерін сан осінде белгілеу ұсынылады. Ол үшін оқушыларға дайын сан осі беріледі немесе өздері оны дәптерлеріңе салсын. Сандарды жуықтап белгілегеннен кейін, жұпқа бірігіп бір-бірінің жауаптарын салыстырады.
Бағалау критерийлері:
- санның қандай квадрат сандардың арасында жатқанын анықтайды;
- санның квадрат түбірін сан осіне белгілейді.

Қосымша тапсырма
Оқушылар жұпта берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада мұғалім оқушылардың өз жауаптарын негіздеулерін байқап, соны бағалайды. Оқушылардың негіздеулері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан қандай да бір нақты бағалау критерийлері бұл тапсырма үшін жасалмайды.

Тексеру
Оқушыларға жеке жұмыс ретінде берілетін 3 тапсырма. Оқушылар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, жауаптарын мұғалім ұсынған дайын жауаптар бойынша тексереді.
Бағалау критерийлері:
- санның квадрат түбірін бағалайды;
- санның квадрат түбірін жуықтап табады;
- санның квадрат түбірінің бағалауы арқылы берілген санды бағалайды.

5. Геометриялық квадрат түбір алу
Бұл ақпарат оқушылар үшін қосымша болып табылады. Мұнда санның квадратын калькуляторсыз, тек сызғыш, қарындаш және циркуль көмегімен табу қарастырылады.
Бұл әдісті Рене Декарт ойлап тапқандығы жайлы айтылады.
Оқушылар әдістің кезеңдерімен танысып, өздері дәл осы әдіс көмегімен бірнеше сандардан түбір алады.

Түбір табудың тағы қосымша әдісі.
Бұл әдісті оқушыларға сілтеме арқылы өтіп, өз бетімен қарастыруды ұсыныңыз......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жөнінде 5 кеңес



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle