ZHARAR | 🇰🇿 ✅ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 2-сабақ (А-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады;

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау.

3. Өткен сабақты қайталау
1. Өткен сабақта қарастырылған арифметикалық түбірдің қасиеттерін қайталау мақсатында тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларда барлық 3 қасиет те қамтылған. Тексеруді презентациядағы дайын жауаптар арқылы оқушылар өздері тексереді. Артынан оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, оларды бүкіл сыныппен талданады.

4. Арифметикалық квадрат түбірдің n-ші дәрежесі
Ең алдымен келесі мысалдарды оқушылар кіші топтарда қарастырады:
(√7)^2
(√(3/5))^2
(-√11)^2
〖-(√13)〗^2
Осыған ұқсас мысалдарды олар алдыңғы тақырыптарда да шығарғандықтан, көп қиындық туғызбауы керек. Осы кезде мынадай сұрақ қойылады – «Қарастырылған төрт мысалдың ортақ қасиетін атаңыз» деген. Сонда оқушылар барлық түбірлер 2-дәрежеге шығарылған деп айтуы мүмкін. Осыдан кейін, мұғалім егер 2 дәреже емес, басқа дәрежеге шығарсақ қалай болатынын сұрайды, яғни (√a)^n түрінде.
Ол үшін дәреже ұғымы еске түсіріліп, (√a)^n өрнегі көбейткіштерге жіктеліп жазылады. Содан (√a)^n=√(a^n ) болады, мұндағы a>0, n – натурал сан.

5. Бекіту
Бұл кезеңде оқушыларға төрт мысал ұсынылады, бұл мысалдар тек қана жаттығу мақсатында беріледі, сондықтан оқушылар қажеттілігінше мұғалімнің көмегіне жүгіне алады.
(√2)^18
(-√11)^4
(2√3)^4
(√((2√3)^4 ))^2
Тапсырма. Жұптық жұмыс
Бұл тапсырма алдында қарастырылған қасиетті тексеру мақсатында беріледі. Оқушылар көп жағдайда жасырын сөздерді ойлап табуды ұнатады, сөйтіп олардың жұптағы жұмысы белсенді болады.
Тапсырмаларды орындап, сол жақтағы жауаптарға сәйкес әріпті таңдаңыз, сонда ағаштың атауын аласыз.

Бағалау критерийі:
квадрат түбірді n-дәрежеге шығару қасиетін қолданады;
көбейтіндінің дәрежесі қасиетін қолданады;
өрнектің мәнін дұрыс есептейді.

Табылған ағаштың атауы жайлы мағлұматты оқушылар өз беттерімен интернет желісінде қарастырады.

Тақырыпты кеңейту мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі:.......
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Спс - Сегодня, 02:03
Ағылшын тілі (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Спс

ZHARAR - Сегодня, 01:28
Абай Құнанбаев (жыл мезгілдері - жаз, күз, қыс, жазғытұры)

барлығы жақсы мағыналы өлеңдер Абай атамыз ұлы ақын

бека - Сегодня, 00:35
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жер сілкінісінің ошағы

bekstin - Сегодня, 00:18
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тау жыныстарының тузылуы мен жылжыуы орын алатын терендегы нукте

Гость Аяулым - Вчера, 23:04
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фигуралардың қандай бөлігі боялған, жай бөлшек түрінде жазыңыз

Гость Мадина - Вчера, 23:03
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшыннан тжб 1-тоқсанның барма.Жоқ сияқты ғой,мен іздегені жоқ 😒😒😒😡😡😭😭😢😥🥺😟

Гость Айдана - Вчера, 22:48
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Можна ответ химия тжб

ТАМИЛА - Вчера, 21:04
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фотосы бар ма? Керек болып тур отиниш,

Гость Наргиза - Вчера, 20:54
Информатика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отинем

Миранда мирова - Вчера, 20:42
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ээ ля дайте пжж русский соч