Сандардың жуық шамалары (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Сандардың жуық шамалары (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Сандардың жуық шамалары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.2.11 шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу;
7.1.2.12 жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу;
Сабақ мақсаттары: Шамалардың жуық мәндерін таба алу және оларды стандарт түрде жазу;
Жуық шамалардың абсолюттік қателіктерін есептеу;
Жуық шамалардың салыстырмалы қателіктерін есептеу;

Сәлемдесу. Түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайярлығын тексеру.
Мұғалім келесі бағыттаушы сұрақтарын қояды:
-неге біз санды стандарт түрде жазамыз?
-стандарт түрде сан қалай жазылады?
-бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін атаңыз?
Оқушылар топтасып, эксперимент жасайды:
Оқушыларға ұзындықтары бірдей болатын қағаз таратылады. Әр оқушы қағазды сызғыштың көмегімен өлшеп, белгілі бір берілген ені болатын қағаздың бір бөлігін қияды. Қиылған қағаздарды бір-бірінің үстіне қойып, олардың ендерінің айырмашылығын көреді.
Оқушыларды кез келген шамаларды өлшеу нәтижесінде қателіктер бой алдыратындығы туралы қорытынды жасайды. Қорытындыдан олар көп жағдайда шамалардың жуық мәндерімен жұмыс жасайтынымызды ұғынады.

Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсаттарын және бағалау критерийлерін атап талқылайды.

Оқушылар келтірілген мысалды ескеріп, сандардың қайсысы шамалардың дәл мәні, қайсысы жуық мәні және стандарт түрі қандай екенін анықтайды:
1) Шолпан планетасының Күннен қашықтығы 108 млн. км;
2) Ол бүгін математикадан «5» алды;
3) Қарлығаш 45,2 км/сағ жылдамдықпен ұшады

Мысалдарды қарастырғаннан кейін сандарды жуықтау ережелері қайталанады. Оқушылар бұл ережелерді тұжырымдайды, қажет жағдайларда мұғалім түзетеді.

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар келесі тапсырмалады орындайды:
Тапсырма 1.
Берілген сандарды:
1) ондықтарға дейін: 1685; 913; 646; 915;
2) жүздіктерге дейін: 386; 617; 2885; 946
жуықтаңдар және нәтижені стандарт түрде жазыңыз.
Жауабы:
1)
2)
Тапсырма 2.
Жұлдызшаның орнына жуықтау дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:
1) 2, 4* 2, 5; жауабы: 9
2) 9, 35* 9, 35; жауабы: 4
3) 14, 67* 14, 68; жауабы: 9

Ашық сұрақ “Миға шабуыл”:
Сұрақ: «Санның жуық мәнінің дәлдігін қалай анықтауға болады?»
Оқушылар ойларын тұжырымдап айтады.
Содан соң интернет ресурстарын қолданып теориялық материал қарастырылады. Мысалдар қарастырылады.

Санның жуық мәні мен дәл мәнінің айырмашылығын табу үшін үлкен саннан кішісін азайту керек.
Жуық мәндердің абсолют қателігі деп дәл мән мен жуық мәннің айырымының модулін айтады: α=|A - a | α - абсолют қателік, А - дәл мән. а - жуық мән.
- егер дөңгелектеу кезінде бірінші алынып тасталатын цифр 0, 1, 2, 3, 4 болса, онда соңғы қалдырылатын цифр өзгермейді және бұл кемімен алынған дөңгелектеу.
егер дөңгелектеу кезінде бірінші алынып тасталатын цифр 5, 6, 7, 8, 9 болса, онда қалдырылатын цифр 1 - ге артады және бұл артығымен алынған дөңгелектеу.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 345



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍