Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер
Сабақ тақырыбы: Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін біледі: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі
Сабақ мақсаттары: Оқушылар теоремаларды дәлелдеудің тікелей әдісін біледі және қолданады.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.
Өтілетін тақырыптың өзектілігі.
Мұғалім оқушыларға дебатқа қатысқан кезде даулы сұрақтарға жауап беруде немесе эссе жазғанда, көп жағдайда өз көзқарасыңызды негіздеуге (дәлелдеуге) тура келетінін айтады. Осындай кезде өз көзқарасыңыздың дұрыстығына басқа адамды сендіру үшін дұрыс дәлел келтіре білу маңызды. Ол үшін сіздер дәлел ретінде әйгілі адамдардың айтқан сөздерін, ғылыми фактілерді келтіресіз немесе өмірлік тәжірибеге сүйенесіз. Сол сияқты геометрияда да тұжырымдалған теоремаларды аксиомаларға немесе бұрын дәлелденген теоремаларға сүйене отырып дәлелдеу қажет.
Жаңа материалды түсіндіру (Әңгімелесу, тілдік дағдыларды дамыту)
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
- Теорема дегеніміз не?
Теорема – дәлелдеуді қажет ететін тұжырым.
- Теореманың дәлелдеуі дегеніміз не?
Дәлелдеу - қисынды ой қорытулар тәсілімен тұжырымның ақиқаттығына көз жеткізу.

Дәлелдеудің бірнеше стандартты типтері бар. Бүгін біз соның бірі – тікелей әдісті қарастырамыз.

Тікелей дәлелдеу аргументтерді қарастырудан тезисті дәлелдеуге қарай жүреді, яғни тезистің ақиқаттығы тікелей аргументтер арқылы негізделеді. Дәлелдеу былай жүреді: берілген (a, b, c) аргументтерден дәлелденетін q тезис шығады. Дәлелдеулер бұл тип бойынша сот тәжірибесінде, ғылымда, полемикада, оқушылар шығармаларында, мұғалім жаңа тақырып түсіндіргенде, т.б. келтіріледі.
Жаңа материалды түсіндіру (Жұптық жұмыс, тілдік дағдыларды дамыту)
Жұппен жұмыс жасай отырып, келесі тұжырымдарды негіздеуге тырысыңыздар:
1-мысал. «Кит өкпемен тыныстайды» тұжырымын дәлелдеу керек.
Осы тұжырымды тікелей дәлелдеудің бір нұсқасы:
«Барлық сүтқоректілер өкпемен тыныстайды. Кит – сүтқоректі. Осыдан кит өкпемен тыныстайтыны шығады».

Жұппен жұмыс жасай отырып, келесі тұжырымдарды негіздеуге тырысыңыздар:
2-мысал. «Қорқынышты түн болды» (А.Конан Дойл шығармасынан) тұжырымын дәлелдеу керек.
Берілген тұжырымды дәлелдейтін өз ойларына келген кез келген аргументтерді қолданыңыз.

Осы тұжырымның «тікелей дәлелдеуі» болатын А.Конан Дойл шығармасынан үзінді: «Қорқынышты түн болды: жел гуілдеді, жаңбыр терезені даңғырлатты. Кенет дауыл гүрсілі арасынан қорқыныш зары естілді».......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 339



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі