ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;
7.2.1.8 көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау;
7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
Көпмүшелерді қосуды, азайтуды, көбейтуді үйренеді
Көпмүшелерге амалдар қолдану орындалатын мәтін есептерді шығарады.

І. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлікті бақылау.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Қайталау: /Мақсаты: жаңа тақырыпты игеру үшін қажетті материалды еске түсіру, оқушылардың математикалық тілдік дағдыларын дамыту/
сұрақтар барлық оқушыларға қойылады, қол көтерген оқушылар жауап береді және жауаптар бірге талқыланады.
Бірмүше дегеніміз не? Көпмүше дегеніміз не?
Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
Кез – келген екі бірмүшені қосуға бола ма? Көбейтуге ше?
Қандай бірмүшелер азайтылады?
Көпмүше стандарт түрге қалай келтіріледі?
Бірмүшені дәрежеге қалай шығарады?
Қосудың қасиеттерін (ауыстырымдылық, терімділік және көбейтуге қатысты үлестірімділік) ата
III. Жаңа ұғымды ашу
Әр оқушыға айнымалылары а, b болатын үшінші дәрежелі көпмүше құрастырып стикерлерге жазуды ұсыныңыз. Стикерлерді тақтаға жапсырып кез – келген екеуін таңдаңыз да, осы көпмүшелерді қосу (азайту, көбейту) керектігін айтыңыз. Оқушыларға көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту ережелерін өздері тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз.
 Көпмүшелерді қосу не азайту үшін алдымен жақшаларды ашып аламыз, сонан соң ұқсас мүшелерді біріктіреміз
 Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшедегі әрбір қосылғышқа көбейтеміз
а(b + c) = аb + аc.
 Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әр қосылғышын екінші көпмүшенің әр қосылғышына көбейтеміз
(а + b)(c + d) = аc +аd + bc + bd.
Ескерту: қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылған «теориялық материалды» оқып, жаңа материалды өздігінен игеруді тапсыруға болады.
IV. Топтық жұмыс. /Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту, қателер болса анықтау, жаңа тақырыпты игерудегі олқылықтарды жою/
Сынып оқушылары үш-үштен топқа бөлініп, әр топқа көпмүшелерге амалдар қолдануға екі есеп беріледі және топтардың тапсырмалары бір-бірінен өзге болады (Қосымша1).
Тапсырмалар флипчарттарда орындалып, үстелде қалады. Ал топтар мұғалімнің белгілеген уақытынан кейін сағат тілімен қозғала отырып, келесі топтардың тапсырмаларын тексереді. Тапсырмаларды тексеру барысында қателер болса, басқа түсті қаламмен қатені түзету ұсынылады.
Топтар өз орындарына қайта келгенше жұмыс жалғасады.
Жұмыстың соңында барлық қателерге шолу жасалып, «тапсырманы үздік орындаған» топ пен «қателердің себебін анықтай алған» оқушылар мадақталады.

VІ. Есептер шығару
Оқушыларға жеке жұмысқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Олар өздері таңдаған деңгейдің тапсырмасын орындайды. Бірдей деңгейді таңдаған оқушыларға жұптасып орындауға мүмкіндік беріледі. (әр есептен алғашқы екі бөлімі шығарылады)
А тобы: 190, 191, 218, 222, 257,
В тобы: 200, 202, 225, 265, 272,
С тобы: 205, 237, 238, 273, 274.

Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға Қосымша 2-де ұсынылған есептер беріледі.......
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
ZHARAR - Сегодня, 00:26
Әруақтарға құран бағыштау үлгісі  🕋 (мәтін, видео)

керемет құран бағыштау әдебі жарияланған

ш - Вчера, 21:37
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Қарлығаш - Вчера, 20:49
Отан, Туған жер, Қазақстан

Нұрзия

Ұлдықыз - Вчера, 20:24
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жауаптары жоқ па

Гость Аяулым - Вчера, 20:13
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 класс информатика сор одветы

Гость Назым - Вчера, 19:30
Анашым, мама

Мама сен алтынсын, Гүл боп жайқалып. Әрқашан күліп жүріңіз анашым!

Әсетқызы Нұрай - Вчера, 18:41
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалаи аталады

Әсетқызы нұрай - Вчера, 18:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалай аталады

Оааотаоа - Вчера, 17:21
Мен ҚАЗАҚ деген ел едім!

Маған ұнады

Нұрхан - Вчера, 16:41
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб казастан тарих