ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Мәтін есептерді шығару 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Мәтін есептерді шығару 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Мәтін есептерді шығару 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шығару 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.5.2.1 Өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есе птер шығару;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығаруды үйрену және дағдылану.

Сабақтың басталуы(3 мин)
Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау. Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу (1 мин)
Өте үлкен және өте кіші оң сандар ғылым мен техникада кездеседі.
Сандарды жазып және осы түрде оларға амалдар қолдану өте ыңғайсыз: олар өте үлкен, көзбен көру мүмкін емес. Көмекке стандартты түрде жазу және оларға амалдар қолдану келеді.
Бүгін сабақта біз өте үлкен немесе өте кіші сандармен берілген мәтіндік есептерді шығарамыз.
Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шығару.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығаруды үйренеді және дағдыланады.
(слайд 1)
Білім жаңарту (6 мин)
Келесі сұрақтар бойынша фронталды сұхбат:
Санның стандарттық түрі деп нені атаймыз?
Стандартты түрдегі санды қалай жазуға болады?
Стандартты түрде жазылған сандармен қалай амалдар қолдануға болады?
Жауаптарды 2, 3, 4, 5 слайдтар бойынша тексеру. Сұрақ-жауап (слайд 6)
Сұрақтарға жауап беріңіз (дұрыс – «+», қате – « - »)
1. 3 • 105 саны стандартты түрде жазылған (+)
2. 0,81 • 106 саны стандартты түрде жазылған (–)
3. 7,45 • 10–5 саны стандартты түрде жазылған (+)
4. 50 саны стандартты түрде жазылған (–)
5. Ойыңыз дұрыс па: «Сандардың реті жоғары болған сайын,санның өзі де үлкен болады?» (+)
6. Егер сандардың реті теріс болса, онда санның өзі де теріс бола ма? (–)
7. Егер екі санды стандартты түрде көбейтсе, онда жауап стандартты түрде бола ма? (–)
8. Стандартты түрде кез келген санды жазуға болады. (+)
Жауапты презентацияның 7 слайды бойынша тексереміз . Өзін-өзі бағалау шкаласы.
Дұрыс берілген жауаптар 8 7-6 5 және одан төмен
Нәтижесі Өте жақсы Жақсы Жұмыс жасау қажет

Өтілген материалдарды мәтіндік есептерді шығаруда қолдану.
Жұппен жұмыс (5 мин)
Тапсырма 1. Кестедегі әрбір ғаламшарлардың күн жүйесінен қашықтығын ретпен орналастырыңыз. слайд 8).
Өзара жұппен 8, 9 слайд бойынша тексеру.

Жұппен жұмыс (18 мин)
Тапсырма 2. Ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, Қазақстан облыстарының ауданы және олардың халық саны туралы кестені толтырыңыз
Облыс Ауданы Халық саны
Санның жәй түрде жазылуы Санның стандартты түрде жазылуы Санның жәй түрде жазылуы Санның стандартты түрде жазылуы
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Казақстан.
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Казақстан
(ескерту: егер ғаламтор қолдану қиын болса, онда дайын кестені беруге болады)
Кестені пайдалана отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қарағанды облысы Қызылорда облысынан неше есе үлкен ?
2. Павлодар облысының халық санынан Қызылорда облысында халық нешеге кем?
3. Біздің Республикамыздың тығыздығын анықтаңыз.
4. Қазақстан Республикасының аумағының қандай бөлігін Батыс Қазақстан құрайды?.....
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР

Далмира - Вчера, 23:19
География (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған 8сыныптын бжб тжблары керек.

қадыс әмина - Вчера, 22:54
Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

ия қосылам

Bopeshka - Вчера, 22:50
Қыс туралы шығармалар топтамасы

....

Ұлмекен - Вчера, 22:28
Казақ әдебиеті (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Jjj - Вчера, 21:35
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қалай оны ашады