Жер туралы жалпы мағлұматтар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Жер туралы жалпы мағлұматтар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам. Жер. Ғалам
Сабақтың тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру
6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
жер бетіндегі үдерістермен мен құбылыстарды анықтап, жердің қасиеттерін түсіндіре алады.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушылар ортаға шығып, сағат тілі бағыты бойынша бір-бірлеріне комплимент айтады.
2. Ой қозғау:
Ой қозғау. Тақтадан не көріп тұрсыздар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді.
3. Мақсатты тұжырымдау
Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) мен бағалау критерийлері жарияланады.
Сұрақтар бойынша білімді актуализациялау.
(Д) «Біз не білеміз?» айдары арқылы оқушылардың білімдерін еске түсіру
1) Жердің пішінін неге шар тәрізді деп атайды?
2) Жер Күнді қанша уақытта толық айналып шығады?
3) Ерте кезеңдерде жердің пішіні туралы қандай көзқарастар болды?
4) Жердің табиғи серігі туралы не білеміз?
5) Жердің ішкі бөлігі қандай?
6) Жердің ішкі бөлігін біз қалайша зерттедік?
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Мәтінмен жұмыс. (жұптық)
Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. 3 минут ішінде жұптағы 1-оқушы тек сұрақ қоям деп оқиды, яғни сұрақтар құрастырып, белгілеп, ал 2-оқушы тек жауап берем деп оқиды. Уақыт болған соң, сұрақ қойып, оған екіншісі жауап береді. Сұрақ аяқталған соң, керісінше орын ауысады.
(Дифференциацияны осы тапсырмада оқушылардың ашық-жабық сұрақтарды құрастыру мазмұнына, орындау шеберлігіне, жауап беруіне, ақпаратты іріктей алуына т.с.с көруге болады)
Кері байланыс. Мұғалім сырттай бақылап, әр жұптың жауаптарын тыңдап, соңында оқушылармен бірге қорытынды шығарады.
Жер туралы ақпараттармен таныстырады.
Дене шынықтыру минутасы.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді
1-топ: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың айналуын көрсетеді
2-топ: Жерді Күннің және өз өсінің айналуын көрсетеді.
5. Білімді бекіту
Оқушылар топта келесі тапсырмаларды орындайды:
Тапсырма - 1. Суреттегі бос орынды толтыр.
Тапсырма - 2. Суретте көрсетілген құбылыстарды және күндерін жаз.
Тапсырма – 3. Жердің ішкі құрылысының қабаттарын жаз.
Жердің ішкі құрылысының әлі күнге дейін толық зерттелмеу себебі:
Бағалау:
Оқушылар жұпта жұмыстарын ауыстырады. Бір-бірін тексереді, дескрипторлар бойынша бағалайды.
Дескрипторлар:
Жердің өз білігінен айналу салдарын біледі;
Жердің Күнді айнала қозғалуын, салдарын, маусымдардың өзгеру уақытын біледі;
Жердің ішкі құрылысын сипаттап, талдайды
Қажеттілік туған жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырады, жұмыстарына комментарий, ұсыныс жасайды, кері байланыс береді.
Жеке жұмыс:
Жердің өз өсі мен орбитаға орналасу бұрышын анықтап, салдарын талдайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 556



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?