Сабақ жоспары (ұмж): Макро және микро әлем (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Макро және микро әлем (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кепкен жемістердің пайдалары

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Макро және микро әлем
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• макро- және микроәлем нысандарын жіктейді;
• макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін анықтайды.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топтар «5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.
1 топ: тақтаға/постерге макроәлем нысандарының суреттерін салып, атауларын жазады.
2 топ: тақтаға/постерге микроәлем нысандарының суреттерін салып, атауларын жазады.
3 топ: екі топтың жұмыстарына талдау жасап, макро- және микроәлем нысандарын салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атайды.
Дескрипорлар
Оқушы
-Макроәлем нысандарын дұрыс суреттеп көрсетеді;
-Микроәлем нысандарын дұрыс суреттеп көрсетеді;
-Макро- және микроәлем нысандарын өзара салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Мұғалім макро- және микроәлем нысандарына қосымша мысалдар келтіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіреді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға макро- және микроәлем нысандарының суреттерін көрсетіп, келесі сұрақтарды қояды:
-Макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін қалай өлшеуге болады?
-Жер мен Күннің арасындағы қашықтық қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
-Атом мен молекулалардың өлшемдері қандай?
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Макро- және микроәлем нысандарын жіктейді;
• Макро- және микроәлем нысандарының өлшем бірліктерін анықтайды.
4. Бейнеролик «Макро және микроәлем». Мұғалімнің түсіндірме жұмысы.

Оқушылар бейнеролик қарап болғаннан кейін, мұғалім макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін түсіндіреді. Олардың өлшемдерін, өлшем біріліктерін түсіндіреді.
Астрономдар ғарыш кеңістігіндегі үлкен қашықтықтарды «жарық жылымен» өлшейді. Ол секундына 300 миллион метр жылдамдықпен таралады. Ғарыш кеңістігін метрмен, не тіпті километрмен өлшеу мүмкін емес. Бір жарық жылы 9 460 730 473 000 000 м – ге тең. Ұзындықтарды өлшеуде келесі өлшем бірліктері қолданылады: миллиметр, сантиметр, дециметр, километр. Уақыттың өлшем бірліктері: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл. Массаның өлшем бірліктері: мг, г, кг, т.
5. Венн диаграммасын толтыру. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, макро- және микроәлем нысандарын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Дескрипторлар
Оқушы
-Макро- және микроәлем нысандарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;
-Макроәлем нысандарының параметрлерін анықтайды (көлемі, ұзындығы, өлшем бірліктері);
-Микрәлем нысандарының параметрлерін анықтайды (көлемі, өлшем бірліктері).
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.
6. Микроәлем нысандарының құрылысын түсіндіру. Оқушылар бейнероликті зерттеп болғаннан кейін, су молекуласының құрылысын түсіндіреді.

Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі.
Қабілеті жоғары оқушылар тақырып бойынша қорытынды шығарады. .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle