Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршілік (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршілік (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ACTIV, ALTEL, BEELINE, TELE2 абоненттері үшін өте маңызды кеңестер

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам. Жер. Ғалам
Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршілік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттайды
5.2.4.2 Тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жердегі тіршіліктің маңызын анықтап, өлі табиғат пен тірі табиғаттың ерекшеліктерін атайды. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми көзқарастарды зерттей отырып, «уақыт лентасын» жасайды, өз ойларын қорытындылайды.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сыныптың жағымды ындымақтастық ахуалын қалыптастыру.
Сабақтың мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру.
«Миға шабуыл»
(Т) (С) «Жерде тіршілік қалай пайда болды?» деген сұраққа оқушылар сурет салу / қойылым / карта-сызба / мүсіндеу арқылы көрсете алады.
- Тіршілік деген сөзді қалай түсінесіздер?
(С) Бейнебаян көреді


(Т) (С) Оқушылар бейнебаян көргеннен кейін «уақыт лентасын» дайындайды.

Ең ежелгі кезеңнен бастап тірі ағзалардың пайда болуын тізіп жазады, сипаттайды.
Оқушыларды әрбір кезеңдегі тірі ағзаларды зерттеу үшін топтарға бөлу:
Алғашқы тірі ағзалар;
Құрлықтағы алғашқы өсімдіктер мен жануарлар;
Бауырымен
жорғалаушылар дәуірі (динозаврлар);
сүтқоректілер мен құстардың пайда болуы;
адамның пайда болуы;
қазіргі кездегі тірі ағзалардың өзгерісі.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Әр кезеңдегі тіршілік иелерімен таныстырады, тіршілік ету жағдайларын сипаттайды Мұғалімнің көмегімен бүкіл сынып болып «уақыт лентасын» жасайды.

(Ж) Оқушылар тірі ағзаларға тән қасиеттерді атап, тіршілік ұғымының анықтамасын береді.

«Кім қайда тұрады? ойыны»
Жануарлардың, құстардың, балықтардың және т.б тірі ағзалардың түрлерін үлестіру, оқушылар олардың қайда тұратынын айтып, тіршілік етуіне қолайлы жағдайларды сипаттайды......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қызға қандай әдемі, махаббат жайлы сөздер айтуға болады?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle