Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді жинау және жазу (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді жинау және жазу (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Астың бетін ашық тастама

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Деректерді жинау және жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтайды
бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді
Сабақ мақсаттары: нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтайды
бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді.

Оқушылармен амандасу. Cабақта ынтымақтастық атмосферасын құру. Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.
1-тапсырма. Оқушыларға термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері беріледі. Дайын суреттер қолданып, өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жазып плакаттарды дайындайды Оқушылар осы суреттерге қысқаша сипаттама береді. Бұл қандай құрал? Бұл құрал арқылы нені өлшеуге болады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы құралдарға сәйкес қандай болатынын оқушылардан сұрау.
Сабақтың мақсаты оқушылармен бірге анықталады, бағалау критерийлері презентацияда көрсетіледі.
Оқушыларға сұрақтар беріледі: «Сізге күнделікті өмірде өлшеулер жасау қажет болды ма? Қандай? Мысал келтіріңіз» сұрақтарын талқылайды.

Оқушылардың ойлары тыңдалады.
2-тапсырма. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауаптарды схема түрінде көрсетеді:
Келесі мысалдарда қандай өлшемдер туралы сөз қозғалады:
a) сабақ 45 минут жүреді;
b) бөтелкеде 5 л су бар;
c) мұз 0 °С кезінде ериді;
d) автобус 40 км жүріп өтті.

Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады. Жоспарды плакатқа жазады және «Әткеншек» әдістемелік тәсілінің көмегімен белгілер жасайды, бір-бірінен сұрайды.
«Әткеншек» - әдістемелік тәсілі:
• Оқушылар жұмысты топта, мысалы бір нәрсенің тізбесін құрастыра отырып орындайды.
• Кейін белгілі бір тәртіп бойынша сыныпта жылжи отырып, басқа топтардың постерлерінде белгілер немесе толықтырулар жасайды.
• Аяқтағаннан кейін жалпы жұмыс қорытындысы талқыланады......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Асқазаныңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle