Көктем аруы байқауы - Қыз сыны сайысы мектепте

 Көктем аруы байқауы - Қыз сыны сайысы мектепте

“КӨКТЕМ АРУЫ» байқауы
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.

Жүргізуші:
Бүгін міне мектебімізде қыздары арасында өткелі отырған
«Көктем аруы » байқауына қош келдіңіздер!.
Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған . Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.
Жүргізуші:
«Қыз сыны» атты байқауын ашуға мектебіміздің директордың оқу ісінің орынбасары Құралай Ертосқызына сөз берейік.

Жүргізуші:
Олай болса бүгінгі «Қыз сыны» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)

1) Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
да қатарынан қалмаған.

2) Атыңнан айналайын деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

3) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

4) сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Алтын өнерлі қызымыз.

5) Ажары да әдемі
Ибалы ол өнерлі
күн нұрын
Төгіп тұрды үнемі.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, дайындала берсін.

Жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1. Бөлім «Сәлемдесу» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
2. «Өз өнері» бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетуде аналарына арнап ән айту, арнап, би билеу аналарымызға арнап өлең оқу, немесе анарына арнап сыйлық жасау.
3. «Жас аспаз»бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен тағамдар жасайды.
4. «Сұрақ - жауап» бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
5. «Шебер қолдар» Арулар өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсетеді.

Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
1 Бөлім «Сәлемдесу» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
Жүргізуші:
Тағам сырын түсінем,
Тәтті тағам пісірем.
Бәрі қүат алады,
Дәмді асымның күшінен

2. «Жас аспаз»бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен тағам жасайды.

Жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып,

3.«Сұрақ - жауап» бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Жүргізуші:
Ана – біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана - деген – бұл өмірдің сәні ғой.
Ән - жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

4. Келесі бөлім:«Өз өнері» бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетуде аналарына арнап ән айту, арнап, би билеу аналарымызға арнап өлең оқу, әлде анарына арнап сыйлық жасау.

Жүргізуші:
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір,
Өнер қуған ұрпақпыз.

5. бөлім:«Шебер қолдар» Арулар өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсетеді.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыз сыны» 2017 байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын, - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?