Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді талдау 1-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді талдау 1-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бөлме гүлін баптау

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Деректерді талдау 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтайды
Сабақ мақсаттары: өлшеуіш құралдардың мағынасын білу;
өлшеуді жүзеге асыру және мәліметтерді кестеге енгізу;
барлық өлшеулердің орташа арифметикалық өлшемін есептеу;
алынған мәліметтерді талдау;
өлшеу үрдісін түсіндіру

Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты зерттеу

Мультфильм көру «38 тотықұс»: [media=https://www.youtube.com/watch?v=WmhtNS1oC6Q]

1. Кейіпкерлер не істегісі келді?
2. Мультфильм кейіпкерлері айдаһар жыланның ұзындығын өлшеу үшін өлшеудің қандай әдістерін пайдаланды?

Осы тапсырма мұғалімге осы тақырып бойынша оқушылардың бастапқы білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбына – «Мәліметтерді талдау» итермелейді. Оқушыларға сабақта не туралы айтылады екенін болжау ұсынылады.

Сабақтың зерттеу сұрағы
Слайдқа назар аударыңыз
Егер біз қоймадағы барлық аяқ киімдерді түсі бойынша ретімен орналастырсақ, онда ең көп сатылатын түс сән болады. Неге?

«38 тотықұс» мультфильміндегі кейіпкерлер бойынша 4 топқа бөліну (маймыл, піл, тотықұс және айдаһар жылан).
(Э) Оқушылар топтарда өлшеулермен айналысады, нәтижелерін естелерге енгізеді.
1 топ (маймыл)– Топтың барлық қатысушыларының бойын өлшеу
2 топ (піл) – Топтың барлық қатысушылары үшін минутына жүрек соғысының жиілігін өлшеу
3 топ (тотықұс) – Топтың барлық қатысушылары үшін минутына дем алу санын өлшеу.
4 топ (айдаһар жылан)– Сынып бөлмесінің ұзындығын қадаммен өлшеу.

Мәліметтер кестесі
Тәжірибе № Өлшеудің атауы Өлшеудің нәтижесі

Топ жұмысын келесі критерийлер бойынша өзара бағалау:

1. Топ мүшелері барлық өлшеулерді дұрыс өлшеді
2. Өлшеу мәліметтерін кестеге енгізді
3. Топтың барлық мүшелерінің қатысуы

Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ зерттеу сұрағының жауабын бір-біріне айтады.

(С) Өлшеулер аяқталғаннан кейін топтар нәтижелері туралы жариялайды және «Өлшем нәтижелері неге әр түрлі болады?» деген сұрақққа жауап береді.
Берілген тапсырмалар келесі дағдыларды дамытады: білімді қолдану және зерттеу.

(И) (О) Материалды бекіту
А деңгейі.
Осы құралдармен нені өлшеуге болады?
В деңгейі.
Өлшеу кестесіндегі мәліметтерді қолдана отырып, жазылып алынған мәндердің санына бөлінген барлық жазылып алынған мәндердің сомасы ретінде орташа арифметикалық өлшемді есептеңіз.
С деңгейі.
Өлшеу кестесіндегі мәліметтерді қолдана отырып қайта өлшеулер барысындағы тенденцияны түсіндіріңіз.........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle