ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2 Жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу
Тіршілік ортасындағы өзгерістерге байланысты жануралар санының өзгеруін түсіндіру
Ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: 3.2.2.3 - өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу

Психологиялық дайындық.
Оқулық: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы,
32-33-бб.
Жұмыс дәптері:
20-жұмыс парағы. «Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы», 22-б.
21-жұмыс парағы. «Байланысын анықта», 23-б.
(Ұ) "Жануарлар мен өсімдіктер әлемінде" рөлдік ойынын ұйымдастыру. Ойын қатысушыларына өсімдіктер мен жануарлар әлемінен бір оқиға құрастырып айтып беруді ұсыну.
Рөлдік ойындар үшін әртүрлі атрибуттар пайдалануға болады: қалпақтар, жануар маскалары және т.б. Оқушыларды жануарлар мен өсімдіктер етіп екі топқа бөлу. Мысалы, керік, ара, тоқылдақ, кесіртке, беде, қайың, күнбағыс және т.б.
(Т, қ) Топпен жұмыс істеу үшін "Табиғаттағы барлық нәрсе өзара байланыста" атты пікірді ұсыну. Осының дұрыстығын дәлелдеу.
1) жапсыру, постер жасау, қорытындылау.
Оқушылар суреттерді пайдалана отырып жануарлардың қоректенуі туралы постер жасайды, өсімдіктер өсе алатын жағдайларды атап өтеді.
1) Өсімдіктер - өсімдік қоректі аңдарға арналған азық. Жәндіктер - өсімдіктердің тозаңдатушылары.
2) Сөздерді логикалық реттілікпен орналастырады;
Оқушыларға қатар сөздері бар карточкаларды тарату: ұя - құс - құрғақ шөп, тиін - қуыс - мүк, шырша бұтақтары - апан - аю. Оқушылар өсімдіктердің тұрғын үй немесе тұрғын үйге арналған құрылыс материалы ретінде қызмет атқаратыны туралы қорытынды жасайды.
3) өсімдіктер мен жануарлар арасындағы сәйкестікті орнату;
Өсімдік тұқымдары (итошағанның, түйежапырақ және т.б.) және құстар не аңдар бейнеленген суреттерді пайдалану.
3) Жануарлар өсімдіктердің тұқымдарын таратады.

Құрлық-әуе
су топырақ

«Артығын тап» тапсырмасы. Оқушыларға шағын топқа бірігіп, әр қатардағы артық затты табуды тапсыру (көктерек, елік). Белгіленген нысандардың бір-біріне қандай байланысы бар екенін ойланып көруді сұрау (Елік көктеректің жапырақтары және бұтақтарымен қоректенеді.) Барлық пікірді тақтаға жазыңыздар.
Жанына қысқаша мысал келтіру: қоректену – қоян/шөп; бұғы/ағаш қабығы». Сабақтың барысында түзетулер жасап, толықтырып отыруыңызға болады. Сабақтың соңында міндетті түрде:
-«Сабақ басындағы болжамдарымыздың көбісі сәйкес келді ме? Қандай мәліметтерді толықтырып, нені алып тастадық?» – деп сұрап көру.
Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Топпен жұмысты жалғастыру. Оқулықтағы суретке назар аударту. Ұқсастығын табуды тапсыру. Балалар еліктің бірінші суретте бейнеленген шөпті жейтінін айтуы мүмкін. Саралап оқыту мақсатында ынталы оқушыларға шағын әңгіме құрауды тапсыруға болады.
-«Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?» (Қоректенеді).
-Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі).
-«Өсімдік нені сіңіреді?» (Күннің энергиясын).
-Одан әрі не болады? (Оттек мен көмірсу, органикалық заттар.)
-«Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Энергияны). Осылайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер секілді қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын білетін болады.
Өмір үшін маңызды. Топқа бірігіп, суреттерге мұқият қарап, олардың ортақ ұқсастықтарын табады. Екі суреттен де балалар сулы жер мен ауа көпіршіктеріне көңіл аударып, соны байқауы ықтимал.
-«Суреттегі көпіршіктер нені білдіреді?» деп сұраңыз. (Өсімдіктер мен жануарлар су астында да тыныс алады.) Қажет болған жағдайда екінші сыныпта ауаның барлық жерде болатыны туралы жасалған тәжірибені есіне салу.
-Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы құрғақ жерде де тыныс алады ма?
-Су астында байқалғандай көрінеді ме? (Тыныс алады, бірақ байқалмайды). «Фотосинтез үдерісі кезінде не болатынын еске түсіріңдер (көмірқышқыл газ сіңіріліп, өсімдіктен оттек бөлінеді).
-Бұл өсімдіктің тыныс алмай, тек көмірқышқыл газды сіңіретінін ғана көрсетпей ме? Барлық жауапты тыңдап көру. Жарықта өсімдіктерде өзара қарама-қарсы екі үдеріс (фотосинтез бен тыныс алу) қатар жүретінін айту. Қараңғыда өсімдіктер тек тыныс алады. Өсімдіктер мен жануарлар тыныс алмаса, олар өліп қалады.
Фотосурет көмегімен жауап бер. Оқушылар назарын суретке аудартыңыз. Оларды сипаттап беруін сұраңыз.
-«Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).
-Қалай ойлайсыңдар, ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда барлығын тұмсығымен ұстап тұра ала ма?
-Тиін күзде қысқа жинаған жаңғақтарының барлық орнын таба ала ма?
-Иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары). Олар шашылып қалуы мүмкін бе? (Иә).
-Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін).
-Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі). Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.....
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Гость Еркежан - Сегодня, 15:58
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Математика 5 сынып ТЖБ жауаптары 1 тоқсан

Нурай - Сегодня, 15:56
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Алия - Сегодня, 15:45
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Геометрия 1 тоқсан тжб керек пж

Гульбайрам - Сегодня, 15:42
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 тапсырма б айтып жибере из ба?

Гость Жумагул - Сегодня, 15:41
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Женисбек Асель - Сегодня, 15:34
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қазақ тілі, әдебиет пәндері барма

Гость Бакыт - Сегодня, 15:27
Қазақ әдебиеті (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Айбекова

Гость Наз - Сегодня, 15:23
Қазақ тілі Т1 (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казак тилинен 6 сынып тжб берндерш отиниш

Рой - Сегодня, 15:08
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Гутташост

Мұрат Диана - Сегодня, 15:07
Біздің сынып (класс)

Мұрат диана