ZHARAR | 🇰🇿 ✅ | Ертегі | Британ ертегісі: Жалба тышқан мен жұлба тышқан

Британ ертегісі: Жалба тышқан мен жұлба тышқан

Британ ертегісі: Жалба тышқан мен жұлба тышқан
Жалба Тышқан мен Жұлба Тышқан бір үйде тұрыпты. Бір күні Жалба Тышқан масақ теруге барады. Оның артынан Жұлба Тышқан да масақ теруге барады. Сөйтіп екеуі де масақ теруге барыпты. Жалба Тышқан бидайдың сабағын тауып әкеледі. Жұлба Тышқан да бидай сабағын тауып әкеледі. Сөйтіп екеуі де бидай сабағын теріп әкеледі. Жалба Тышқан бидайдан пудиңг6 дайындайды. Жұлба Тышқан да бидайдан пудиңг дайындайды. Сөйтіп екеуі де бидайдан пудиңг дайындайды
Жалба Тышқан пудиңгті қазанға салып, қайнатуға қояды. Жұлба Тышқан да өзінің пудиңгін қазанға салып, қайнатуға қояйын деген кезде қазан төңкеріліп кетіп, Жұлба Тышқан ыстық суға күйіп мерт болады. Жалба Тышқан отыра қап, өкіріп жылайды.
Сонда үш аяқты орындық одан:
─ Жалба, неге жылап тұрсың? ─ деп сұрайды.
─ Жұлба қайтыс болды, соған қайғырып жылап отырмын, ─ дейді.
Орындық: ─ Олай болса, мен секіремін, ─дейді де, секіре жөнеледі.
Сонда бұрышта тұрған сыпырғы орындықтан:
─ Орындық, неге секіре бересің? ─ деп сұрайды.
─ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты. Жалба соған қайғырып жылап отыр, сондықтан мен секіріп тұрмын, ─ дейді орындық.
Сыпырғы: ─ Олай болса, мен сыпырамын, ─дейді де, жерді сыпыра жөнеледі.
Сонда есік одан: ─ Сыпырғы, неге бір жерді сыпыра бересің? ─ деп сұрайды.
─ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты, Жалба соған қайғырып жылап отыр, орындық
секіріп жүр, сондықтан мен сыпырып жүрмін, ─ дейді сыпырғы.
Есік: ─ Олай болса, мен тарсылдаймын, ─дейді де, тарс-тарс етіп
ашылып-жабылып қатты тарсылдай бастайды.
Сонда терезе одан: ─ Есік, есік, неге тарсылдай бересің? ─ деп сұрайды.
─ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты, Жалба соған қайғырып жылап отыр, орындық секіріп жүр, сыпырғы сыпырып жүр, сондықтан мен тарсылдап тұрмын, ─ дейді есік.
Терезе: ─ Олай болса, мен сықырлаймын, ─ дейді де, желдеткішін ашып-жабып, қатты сықырлай бастайды.
Сонда ескі сәкі одан: ─ Терезе, терезе, неге сықырлай бересің? ─ деп сұрайды.
─ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты, Жалба соған қайғырып жылап отыр, орындық секіріп жүр, сыпырғы сыпырып жүр, есік тарсылдап тұр, сондықтан мен сықырлап тұрмын, ─ дейді терезе.
Ескі сәкі: Олай болса, мен үйді айналып шапқылаймын, ─ дейді де, Жалба мен Жұлба тұрған үйді айналып шапқылай жөнеледі.
Үйдің маңында бір үлкен жаңғақ ағашы өсіп тұрады екен. Ағаш бұл көрініске таң-тамаша болып:
─ Сәкі, сәкі, неге үйді айналып шауып жүрсің? ─ деп сұрайды.
─ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты, Жалба соған қайғырып жылап отыр, орындық
секіріп жүр, сыпырғы сыпырып жүр, есік тарсылдап тұр, терезе сықырлап тұр, сондықтан мен үйді айналып шауып жүрмін, ─ дейді сәкі.
Жаңғақ ағашы: Олай болса, мен жапырақтарымның бәрін сілкілеп түсіріп тастаймын, ─ дейді де, әдемі жасыл жапырақтарын түк қалдырмай сілкілеп түсіріп тастайды.
Сол ағаштың бұтағына бір әдемі құс қонақтап отырады екен. Ағаш жапырақтарының бәрі түсіп қалған соң құс:
‒ Жаңғақ ағашы, жапырақтарыңды неге түсіріп тастадың? ‒ деп сұрайды.
─ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты, Жалба соған қайғырып жылап отыр, орындық секіріп жүр, сыпырғы сыпырып жүр, есік тарсылдап тұр, терезе сықырлап тұр, сәкі үйді айналып шауып жүр, сондықтан мен жапырақтарымды түсіріп тастадым, ‒ дейді.
‒ Олай болса, мен мына қауырсынымнан түлеймін, ‒ дейді де, құс қызыл-жасыл әдемі қауырсындарының бәрін жұлып тастайды.
Мұны інілері мен сіңлілеріне сүт алып бара жатқан бір қыз көреді. Қыз:
‒ Құс, құс, қауырсындарыңды неге жұлып тастадың? ‒ дейді.
‒ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты, Жалба соған қайғырып жылап отыр, орындық секіріп жүр, сыпырғы сыпырып жүр, есік тарсылдап тұр, терезе сықырлап тұр, сәкі үйді айналып шауып жүр, жаңғақ ағашы жапырақтарын түсіріп тастады, сондықтан мен қауырсындарымды жұлып тастадым, ‒ дейді.
‒ Олай болса, мен құмырадағы сүтті төгіп тастаймын, ‒ дейді де, бауырларына апара жатқан сүттің бәрін түк қалдырмай төгіп тастайды.
Мұны сатыға шығып шатырдың төбесіне құрақ жауып жатқан қария байқап қалады да: ‒ Сүтті неге төгіп тастадың, қызым? Бауырларың тамақсыз қалатын болды ғой, ‒ дейді.
‒ Оһ, Жұлба қайтыс болыпты, Жалба соған қайғырып жылап отыр, орындық секіріп жүр, сыпырғы сыпырып жүр, есік тарсылдап тұр, терезе сықырлап тұр, сәкі үйді айналып шауып жүр, жаңғақ ағашы жапырақтарын түсіріп тастады, құс қауырсынын жұлып тастады, сондықтан мен сүтті төгіп тастадым, ‒ дейді.
‒ Олай болса, мен сатыдан құлап, мойнымды үзем, ‒ дейді де, сатының ең жоғарғы баспалдағында тұрған қария жерге құлап түсіп, мойнын үзеді. Қарияның мойыны үзілгеніне қайғырған зәулім жаңғақ ағашы шайқалып, теңселіп тұрады да, «тарс» етіп опырылып түседі. Ағаштың салмағынан сәкі сынып, үйдің талқаны шығады. Терезесі сынып, есігі тоспасынан ыдырап, еденге құлайды. Есік құлап бара жатып бұрышта сүйеулі тұрған сыпырғыға тиеді. Сыпырғы сарт етіп орындықты төңкеріп тастайды. Сөйтіп Жалба Тышқан тас-талқан үйіндінің астында көміліп қалады.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Аико - Вчера, 23:13
Жақсы мен Жаман

Жаксы исимен

Гость Айгул - Вчера, 21:20
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Мустекова Айжан Алжанбаевнаа - Вчера, 20:57
Сертификат алу !!!

Жұмысымыз бағаланып сертификат алсақ өте тамаша! Сіздерге көп рахмет!

Гулжан - Вчера, 19:46
Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған ренжімей 5сыныптың қазақ тілін 1тоқсаның тжб мен бжб сын жыберіп беріңізші

Белгісіз жан - Вчера, 18:06
Информатика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Саламатсызба маған 5 сынып

Амина Абдалиева - Вчера, 17:57
Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Информатика 6сынып тжб керек жауабы болмаса болмасын

Гость Аружан - Вчера, 17:30
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Матемнен тжб 1 токсан керек

Маша - Вчера, 17:23
Денсаулық туралы шығарма, эссе

Оче по поводу работы на работу не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не

Алижан - Вчера, 15:25
Туған күн

Менин атым Алижан мен 12Жастамын

ахмет - Вчера, 15:20
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сыныптагы 1 токсандагы жауабын бериндерши😖😖😖