ZHARAR | KZ | Ертегі | Британ ертегісі: Жалқау Джәк

Британ ертегісі: Жалқау Джәк

Британ ертегісі: Жалқау Джәк
Ерте ерте, ертеде Джәк атты жас жігіт болыпты. Ол шешесі екеуі жатақта өте жұпыны өмір сүріпті. Шешесі жүн иіріп сатады екен. Екеуі соған жан бағыпты. Джәк жазда күнге қыздырынып, қыста ошақ қасында жылынып жатудан өзге түк бітірмейді екен. Сондықтан жұрт оны Жалқау Джәк атап кетіпті. Шешесі сорлы қанша зарласа да, жұмыс істеу оның ойына да кіріп шықпайды. Бірде шешесі шыдамы тауысылып, «өз наныңды өзің таппасаң, үйден қуып шығам» деп ашуланыпты.
Джәк сонда ғана орнынан тұрып, көрші ауылдағы бір фермерге жұмысқа жалданады. Бірақ бұрын-соңды ақша ұстап көрмегендіктен үйге қайтып келе жатып тапқан табысын арықтан аттап өтем дегенде жоғалтып алады.
– Жарымес-ау, ақшаны қалтаңа салып алмадың ба! – дейді шешесі оған кейіп.
– Жақсы, ендігіде солай істеймін, – дейді Джәк.
Ертесіне жігіт сиыршыға жалданады. Сиыршы еңбекақысына бір құмыра сүт береді. Джәк сүтті күртешесінің үлкен қалтасына құйып алады. Сүт жол-жөнекей тамшылап, түк қалмай төгіліп қалады.
– Қымбаттым-ау, құмыраны басыңа қойып алмадың ба! – дейді шешесі оған
кейіп.
– Жақсы, ендігіде солай істеймін, – дейді Джәк.
Келесі күні ол тағы бір фермерге жалданады. Жұмыс күні аяқталғанда ол Джәкке
бір келі ірімшік береді. Джәк кешке ірімшікті басына қойып үйіне қайтады. Жолда ірімшіктің жартысы бөлініп түсіп қалады. Жартысына шаш жабысып ит рәсуа болады.
– Ақымақ-ау, қолыңа ұстап келмедің бе? – дейді шешесі оған кейіп.
Жақсы, ендігіде солай істеймін, – дейді Джәк.
Ертесіне ол наубайға жалданады. Наубай оған жалақы ретінде тек бір үлкен мысық ғана береді. Джәк мысықты құшақтап үйіне аттанады. Мысық жолда жігіттің беті-қолын тырмалап қоймай қойған соң Джәк оны жібере салуға мәжбүр болады.
 Екі аяғынан ұстап иығыңа салып әкелмедің бе, кеще!? – дейді шешесі оған кейіп.
– Жақсы, ендігіде солай істеймін, – дейді Джәк.
Дүйсенбі күні Джәк малшыға барып жалданады. Малшы оған жәрдем бергені үшін есек сыйлайды. Джәк алпамсадай жігіт болса да, есекті иығына салып алу оңайға түспейді. Әуреленіп жатып, әрең дегенде иығына салады. Сосын тәлтіректей басып аулына қарай беттейді. Жолда ол бір өте бай джентльменнің үйінің жанынан өтеді. Джентлменнің жан дегенде жалғыз қызы бар екен. Ол іштен меңіреу боп туып, жарымжан күн кешуде екен. Өмірінде бір рет те күлмепті. Емшіге апарса, «біреу қатты күлдірмейінше қызыңыздың ауруы жазылмайды» депті. Әкесі байғұс тағдырға мойынсұнып «кімде-кім қызымды күлдіре алса, соған ұзатамын» дейді.
Сол қыз көшеде кетіп бара жатқан Джәкті көріпті. Иығындағы есек тұяқтарымен ауаны тепкілеп, төңіректі азан-қазан ғып ақырып барады. Бұл күлкілі көріністен меңіреу қыз сықылықтап күле жөнеледі. Лезде дертінен айығып, құлағына дыбыс еніп, тілі икемге келеді. Әкесінің қуанышы қойнына сыймай, уәдесін орындайды. Қызын Жалқау Джәкке ұзатады. Байдың қызына үйленген соң Джәк те адам қатарына қосылып, тұрмысы түзеледі. Шешесін қолына алып, тату-тәтті өмір сүреді.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Зульфия - Сегодня, 00:41
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сәлеметсіз бе. 4 сынып Әдебиеттік оқудан ТЖБ жауаптарв керек

Гость Асемай - Сегодня, 00:20
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отиниш маган математикадан тжб жибериндерши Атамура китебынан

Гость Жулдыз - Вчера, 23:13
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшын тили 3сынып тжб жауаптары 1токсан

Гость асем - Вчера, 23:11
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаратылыстанудан бжб жауатары керек еді 1 тоқсан

Алима - Вчера, 22:56
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

рақмет

Әсель - Вчера, 22:47
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4тапсырмадағы жануар біріншісі қарақұйрық екіншісі Дуадақ😁

ZHARAR - Вчера, 22:44
Абай Құнанбаев қара сөздері және мағынасы

керемет қара сөздер

Аслан - Вчера, 22:43
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Марс ты знаешь меня больше

ZHARAR - Вчера, 22:39
Дос, достық 🤝 туралы тақпақтар

Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз,күлеміз. Бірге балық аулаймыз міне,біздер қандаймыз!

Қуандықова Ғайни - Вчера, 22:35
Ағылшын тілі (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Барма ағылшын