ZHARAR > KZ > Ертегілер > Британ ертегісі: Джәк бақытын іздеп шыққанда

Британ ертегісі: Джәк бақытын іздеп шыққанда

Британ ертегісі: Джәк бақытын іздеп шыққанда
Ертеде Джәк деген бала ержетіп, өмірдегі өз бақытын табу үшін сапарға шығады. Үйінен көп ұзамай жатып-ақ оған мысық кездеседі.
‒ Жол болсын, Джәк!
‒ Әлей болсын!
‒ Иә, қайда бара барасың?
‒ Өмірдегі өз бақытымды іздеп барамын.
‒ Мен де барайыншы сенімен бірге.
‒ Мейлің. Көппен жүрген көңілді.
Жиглти-жолт, жиглти-жолт деп екеуі келе жатса, алдарынан ит кездеседі
‒ Жол болсын, Джәк!
‒ Әлей болсын!
‒ Иә, қайда бара барасың?
‒ Өмірдегі өз бақытымды іздеп барамын.
‒ Мен де барайыншы сендермен бірге.
‒ Мейлің. Көппен жүрген көңілді.
Жиглти-жолт, жиглти-жолт деп үшеуі келе жатса, алдарынан ешкі кездеседі.
‒ Жол болсын, Джәк!
‒ Әлей болсын!
‒ Иә, қайда бара барасың?
‒ Өмірдегі өз бақытымды іздеп барамын.
Мен де барайыншы сендермен бірге.
‒ Мейлің. Көппен жүрген көңілді.
Жиглти-жолт, жиглти-жолт деп төртеуі келе жатса, алдарынан бұқа кездеседі
‒ Жол болсын, Джәк!
‒ Әлей болсын!
‒ Иә, қайда бара барасың?
‒ Өмірдегі өз бақытымды іздеп барамын.
‒ Мен де барайыншы сенімен бірге.
‒ Мейлің. Көппен жүрген көңілді.
Жиглти-жолт, жиглти-жолт деп бесеуі келе жатса, алдарынан ешкі кездеседі.
‒ Жол болсын, Джәк!
‒ Әлей болсын!
‒ Иә, қайда бара барасың?
‒ Өмірдегі өз бақытымды іздеп барамын.
‒ Мен де сендермен бірге барайыншы.
‒ Мейлің. Көппен жүрген көңілді.
Жиглти-жолт, жиглти-жолт деп алтауы келе жатса, алдарынан әтеш кездеседі
‒ Жол болсын, Джәк!
‒ Әлей болсын!
‒Иә, қайда бара барасың?
‒ Өмірдегі өз бақытымды іздеп барамын.
‒ Мен де сендермен бірге барайыншы.

‒ Мейлің. Көппен жүрген көңілді.

Сонымен Джәк бес досымен алтау боп, «жиглти-жолт, жиглти-жолт» деп келе жатады. Кеш қарайып, қараңғылық түскенде олар түнеп шығатын жер іздей бастайды. Осы кезде Джәктің көзі жолдың шетіндегі бір үйге түседі. Бұл үйде кім бар екен, барлап келейін, сендер мен келгенше тыныш отыра тұрыңдар деп кетеді. Терезеден үңілсе, үйде бір топ ұры алтын санап отыр. Джәк қуанып:

‒ Анау алтын менікі болады. Бақытын тапты деген осы, ‒ дейді.

Джәк достарына қайта оралып, «мен ымдаған кезде бар өнерлеріңді салып шулаңдар» дейді.

Джәктің бұйрығы жетісімен-ақ мысық мияулап, ит абалап, ешкі бақылдап, бұқа мөңіреп, әтеш шақырып төңірек азан-қазан болады да кетеді. Ұрылар зәрелері ұшып, тұра қашады. Алты дос ішек-сілелері қатқанша күледі, Босаған үйге кіріп, алтынды иемденіп, жақсылап жайғасып алады. Әйтсе де, Джәк ұрылардың қайтып оралуынан қауіптеніп, ұйқыға жатардың алдында сақтық шараларын жасайды. Мысықты тербетілгіш креслоға отырғызып, итті үстелдің астына жатқызып, ешкіні жоғарғы қабатқа жіберіп, бұқаны кілетке кіргізіп, әтешті үйдің шатырына қондырып, өзі төсекке жатады.

Қараңғылық қоюланғанда ұрылар «үйде қалған ақша не болды екен, біліп кел» деп өз адамын жібереді. Көп ұзамай-ақ ол өкпесі ұшып қайтып келеді.

‒ Үйге кіріп, тербелгіш креслоға отыра бергенім сол еді, шұлық тоқып отырған бір кемпір жамбасыма тоқыма бізін сұғып алды.

(Сезіп отырған шығарсың, бұл мысық болатын).

Ақшаны үстелдің астынан іздеп едім, онда бір етікші отыр екен, бігізімен бетімді тырнап алды.

(Бұл, әрине, ит еді).
Жоғарғы қабатқа атып шығып едім, онда бір адам бидай бастырып жүр екен, тоқпағымен басымнан қойып қалды.
(Бұл ‒ Джәктің ешкі досы ғой).
Есімнен танып, кілетке кіріп кетсем керек, онда біреу ағаш жарып тұр екен, балтасын жалаңдатып ала жүгірді.
(Бұл ‒ Джәктің бұқа досы болатын).
Мұның бәрі ештеңе емес, бәрінен де шатырдағы бойы бір қарыс жігітті айтсаңшы! «Тұтқындаңдар мынаны! Әкеліңдер маған! Тұтқындаңдар мынаны! Әкеліңдер маған!» деп дүниені басына көтере аттандағанда әрең қашып құтылдым, ‒ дейді.
(Әрине, бұл ‒ Джәктің әйгілі әтеш досы еді).
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Уали.кз - Сегодня, 09:33
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мен

Гость аян - Сегодня, 07:52
Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

керемет тілектер

ZHARAR - Сегодня, 04:01
Адам  🙎‍♂️ және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер жинағы

кушти макалдар

Надирова әсем - Вчера, 23:28
Мақал-мәтелдер: Қорқақтық

Қорқақ қорқақ қорасында иті бар дмбалында биті бар

Исаева Талмаш - Вчера, 23:13
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

керемет бжб, тжб

Гость Аяулым - Вчера, 22:47
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 52 246сандарын жай кобеиткишке жиктеу керек отиниш бул жиынтык багалау

Катя - Вчера, 22:32
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

А7шво272оннн6ублсщ

Дана Лирисова - Вчера, 22:30
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ИНФОРМАТИКА БЖБ КЫМДЕ БАР В ЛИЧКУ ПОЖЕ

Жемис - Вчера, 21:34
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өте жақсы дайындалған тоқсандық жиынтық тапсырмалар. Маған өте ұнады. Іздеген дүниенді осы сайттан табуға

Зархан фатима - Вчера, 21:15
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Оп оңай Қаз тарихтан бжб