ZHARAR > KZ > Ертегілер > Британ ертегісі: Мистер Винегар

Британ ертегісі: Мистер Винегар

Британ ертегісі: Мистер Винегар
Ерлі-зайыпты мистер мен миссис Винегарлар сірке суын сақтайтын шөлмектің ішінде тіршілік етіпті. Бірде мистер Винегар бір жұмыстармен жол жүріп кетеді. Оның шаруаға пысық әйелі үй ішін жинап жүріп сыпырғысы қабырғаға тиіп кетеді де, үйді күл-талқан сындырып қояды. Қападан қарайған байғұс әйел байыз таппай ерінің жолын тосады. Күйеуінің қарасы көрінген бетте:
‒ О, мистер Винегар, мистер Винегар! Құрыдық! Құрыдық! Мен үйді сындырып алдым! Тас-талқан болды! ‒ дейді.
Мистер Винегар оған басу айтады.
‒ Қой жылама! Ойланып көрейік. Үйдің есігі сынбай аман қалыпты, оған да шүкір. Мен оны арқалап алайын, сосын бақытымызды іздейік.
Олар күні бойы жүріп отырып, кешке бір қалың орманға кіреді. Екеуі де қатты қалжырап қалыпты.
‒ Қымбаттым, мен есікті сүйретіп ағаштың басына өрмелеп шығайын, сен артымнан ер, ‒ дейді мистер Винегар әйеліне. Екеуі ағашқа шығып алған соң әлсіреген аяқтарын есіктің үстіне жазып жіберіп, бірден қатты ұйқыға кетеді. Түн ортасында мистер Винегар шошып оянады, қорқынышын баса алмай қатты дірілдегені соншалық, есік бұтақтан тайып жерге құлап түседі.
Амал жоқ, мистер Винегар есікті алып келу үшін ағаштан түседі. Түсіп қараса ‒ есігінің жанында бір уыс алтын гинея жатыр.
‒ Бері кел, миссис Винегар! Төмен түс! Бақытымызды таптық!
Миссис Винегар лезде төмен түсіп, ақшаны көргенде, қуаныштан масайрап билей жөнеледі.
‒ Қымбаттым, мені тыңда, сен енді былай ет. Көрші қалада жәрмеңке өтіп тұрады. Мына қырық гинеяға сол жерден сиыр сатып әкел. Мен оны сауып, ірімшік, май жасайын, сен соны базарға апарып сатсаң, тәп-тәуір өмір сүретін боламыз.
Мистер Винегар бұл ұсынысты қуана қабылдап, бірден жәрмеңкеге аттанады.
Жәрмеңкені ары-бері аралап, бір жақсы қызыл сиыр көреді. Сиыр сүтті де қоңды, асыл тұқым екен. «Шіркін, осы сиырды сатып алсам, менен бақытты жан болмас еді» дейді.
‒ Қырық гинея берем, сиырыңды маған сатшы, ‒ дейді ол иесіне.
‒ Жарайды, саған сатсам, сатайын, досым екенсің, ‒ дейді сиырдың иесі.
Сауда біткен соң, жұртка мақтанғысы келген мистер Винегар сиырын жетектеп жәрмеңкеде ары-бері жүріп алады. Біраздан кейін ол «Твидл-дам, твидл-ди» деп сырнай тартып баратқан біреуге жолығады. Артынан жүгірген балалар оның қалтасын ақшаға толтырып жатқандай көрінеді мистер Винегарға. «Шіркін, осы аспапты сатып алсам, бұл дүниеде менен бақытты жан болмас еді» деп ойлайды. Сөйтіп ол сырнайшы жігітке таяп:
‒ Достым, аспабың қандай тамаша еді! Қыруар ақша табатын шығарсың!
‒ Иә, рас! Табысым шаш етектен! Таптырмайтын аспап!
‒ Менің де осындай аспабым болса ғой, шіркін!
‒ Жарайды! Достым екенсің, алсаң ‒ ала ғой, маған анау қызыл сиырыңды берсең болғаны.
‒ Келістік! ‒ дейді мистер Винегар жүрегі жарыла жаздап.
Сонымен қызыл сиыр сырнайға айырбасталады. Мистер Винегар сатып алған затын жұртқа мақтана көрсетіп, ерсілі-қарсылы жүреді. Аспапта жақсы ойнауға тырысқанымен құлаққа жағымды ештеңе шығара алмайды. Балалар қалтасына ақша тастаудың орнына ысқырып, тас атқылап, қаладан қуып шығады.
Саусақтары жаурап қатып қалған мистер Винегар жолда келе жатып қалың қолғабы бар кісіні кездестіреді. «Саусақтарым үсіп қалды. Шіркін, анау әдемі жылы қолғаптарды иеленсем, бұл дүниеде менен бақытты жан болмас еді» деп ойлайды да жолда кетіп бара жатқан кісіге таяп:
‒ Достым, қолғабың қандай керемет еді! ‒ дейді.
‒ Иә, рас. Қарашаның мынадай қара суығында қолдарым жып-жылы боп тұр, ‒ дейді жолаушы.
‒ Осы қолғап менікі болса ғой, шіркін!
‒ Орнына не берер едің? Жарайды досым екенсің, анау сырнайға айырбастасаң, қарсы емеспін.
‒ Жарайды! ‒ дейді мистер Винегар лезде келісіп. Сосын жылы қолғапты киіп ап, үйіне қарай ілбіп кете барады. Қатты шаршап келе жатып, ол жолда қолында жуан таяғы бар адамды кездестіреді. «Анау таяқ менікі болса ғой шіркін! Бұл дүниеде менен бақытты жан болмас еді,» ‒ дейді мистер Винегар таяққа қатты қызығып.
‒ Достым! Қолындағың сирек кездесетін қандай тамаша таяқ еді!
‒ Дұрыс айтасың! Мен бұл таяққа сүйеніп бірнеше миль жол жүрдім, алайда саған ұнаса, достың көңілін қалдырмай-ақ қояйын, анау қолғабыңды берсең, таяқ сенікі болады.
Бұл сәтте мистер Винегардың қолы жылынғанмен, аяқтары шаршап тұрған болатын, сондықтан ол қуана-қуана айырбас жасады. Әйелін қалдырып кеткен орманға жақындай бергенде ағаш басында отырған бір тотықұс оның атын атап, былай деп сайрайды:
‒ Мистер Винегар, сен неткен көрсеқызар едің! Жәрмеңкеге барып, бар ақшаны сиыр алуға шаштың. Оны қанағат тұтпай, өміріңде тартып көрмеген сырнайға айырбастадың; ал, ол сол ақшаның төрттен бір бөлігіне де татымайтын еді. Сырнайды қолғапқа ауыстырдың, оны кез келген шарбақтан суырып алуға болатын бір жаман қисық таяққа алмастырдың, ‒ деп тоты ал кеп күлсін, ал кеп күлсін.
Мистер Винегарды ашу кернейді, тотыны көздеп, таяғын ағашқа лақтырып кеп жібереді. Таяғы ағаш басына ілінеді де қалады. Сөйтіп, мистер Винегар үйіне не ақша жоқ, не оған сатып алған зат жоқ, құр қол келген екен. Бұл үшін әйелі оған жақсылап сыбағасын беріпті.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Уали.кз - Сегодня, 09:33
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мен

Гость аян - Сегодня, 07:52
Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

керемет тілектер

ZHARAR - Сегодня, 04:01
Адам  🙎‍♂️ және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер жинағы

кушти макалдар

Надирова әсем - Вчера, 23:28
Мақал-мәтелдер: Қорқақтық

Қорқақ қорқақ қорасында иті бар дмбалында биті бар

Исаева Талмаш - Вчера, 23:13
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

керемет бжб, тжб

Гость Аяулым - Вчера, 22:47
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 52 246сандарын жай кобеиткишке жиктеу керек отиниш бул жиынтык багалау

Катя - Вчера, 22:32
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

А7шво272оннн6ублсщ

Дана Лирисова - Вчера, 22:30
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ИНФОРМАТИКА БЖБ КЫМДЕ БАР В ЛИЧКУ ПОЖЕ

Жемис - Вчера, 21:34
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өте жақсы дайындалған тоқсандық жиынтық тапсырмалар. Маған өте ұнады. Іздеген дүниенді осы сайттан табуға

Зархан фатима - Вчера, 21:15
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Оп оңай Қаз тарихтан бжб