ZHARAR | KZ | Ертегі | Британ ертегісі: Шоқпытқыз

Британ ертегісі: Шоқпытқыз

Британ ертегісі: Шоқпытқыз
Ертеде теңіз жағасындағы сән-салтанатты зәулім сарайда өте дәулетті лорд жападан жалғыз өмір сүріпті. Оның тек бір жиен қызынан өзге не әйелі, не балалары болмапты. Лорд жиеніне жаны қас болып, өмірінде бір рет те бетін көрмепті. Себебі оны босанарда сүйікті қызы қатты қиналып, дүниеден өтеді. Асыраушы әйел нәрестені нағашы атасына көрсетуге келгенде:
− Құрт көзін! Анасын жалмап туған қу шешек! Өссе-өссін, өспесе, өме қапсын! − деп балаға қарамай, бетін бұрып әкетеді.
Содан қайтып жиені де, атасы да бір-бірімен қатынаспайды.
Лорд қайтыс болған қызын сағынып күні бойы терезеден теңізге қарап тапжылмай жылап отырады екен. Оның ағарып кеткен шашы мен сақалы өсе-өсе иығынан түсіп, орындығына оратылады, одан да әрі ұзарып, еден тақтайларының арасындағы саңылауларға кіріп кетіп жатады. Ал, көзінен терезенің жақтауына тамған ащы жас сыртқа лықып, тас қабырғадан төмен сорғалайды, одан кішігірім өзенге айналып, телегей теңізге барып құяды.
Лордтың жиені болса ешкімнің қамқорлығынсыз өзімен-өзі өсіп жатады. Тек асыраушы кемпір ғана анда-санда жұрттың көзін ала беріп, біресе тамақ қалдықтарын, біресе ескі-құсқы киім апарып беріп тұрады. Ал, сарайдың басқа қызметшілері қызды шетқақпайлап, қашан келсе де, қуып шығады. Жалаң аяғы мен жыртық-жыртық киіміне саусақтарын шошайтып «Шоқпытқыз» деп мазақтайды. Қыз олардан тұра қашып, талдардың арасына барып жасырынады екен. Ата-анасы болмаған соң ат қойылмағандықтан қыз осылай Шоқпытқыз атанып кетеді.
Шоқпытқыз осылай не ішер асқа, не киер киімге жарымай, сыртта түнеп жүріп бой жетеді. Онымен тек қаз-үйректерін көгалға жаюға алып кеп жүретін ақсақ жігіт қана дос болады. Ол сондай қалжыңқой, ақкөңіл, ғажап жігіт еді. Шоқпытқыздың қарны ашса да , суықтан тоңса да, шаршаса да сыбызғысына көңілді әуендерді салып ойнай жөнеледі. Қыз сонда өмірдің бар ауыртпалығын ұмытып, дөңгеленіп билейді екен.
Бір күні жұрт «Не дейсің, король елді аралайын деп жатыр екен. Жолай тоқтаған қаласының маңайындағы барлық лордтар мен ледилердің құрметіне сауық кеш өткізбек. Сол сауық кешке келген қыздардың арасынан корольдің ұлы өзіне қалыңдық таңдамақ» деген хабар естиді. Корольдің атшабарлары теңіз жағасындағы сән-салтанатты зәулім сарайда тұратын лордты да тойға шақыра келеді. Күтушілер шақыру хабарын жеткізейін деп лордтың бөлмесіне енгенде ол ақ шашына оралып, телегей теңізді сумен қамтамасыз етіп тұрған кішігірім өзенге көз жасын төгіп, терезе жанында әлі отыр еді. Әйтсе де, корольдің әмірін естіген соң жасын сүртіп, «қырықтық әкеліңдер» деп бұйырады. Себебі, ол шашына маталып, орнынан да тұра алмай қалған еді. Кәдімгі тұтқын дерсің. Сосын асыл жібектен тігілген сәнді киімін алдырып, ақбоз атын алтын, күміс ер-тұрманмен ерттеуге бұйырады. Сөйтіп, корольді қарсы алуға жақсылап дайындалады. Бірақ салтанатқа жиен қызын ала баруды мүлде ойламайды.
Шоқпытқыз корольді, сауықкешті көре алмайтынына қапаланып, налаға булығып қатты жылайды. Асыраушы кемпір оны аяп, лордқа барып корольдің жиын тойына жиенін де ала кетуін өтінеді. Лорд бұған қабағын түйіп «шаруаң болмасын» дегенді айтады. Сарай күтушілері кемпірді күлкіге айналдырып, «Шоқпытқызға ескі киім киіп, құс бағушымен ойнаса де жетпей ме! Корольдің тойы оның не теңі!» дегенді айтады. Кемпір сонда да қайтпай, лордқа екінші рет, одан үшінші рет жалынады. Лорд оған ала көзін ата қарап, айтқанына еш құлақ аспайды. Сарай қызметшілері кекетіп-мұқатып, лордтың бөлмесінен қуып шығады.
Жолы болмаған кемпір Шоқпытқызды іздеп сыртқа шығады, бірақ таппайды. Сарайдың табалдырығынан да әрі аттап өте алмаған ол құс бағушы досына ашу-ызасын айтып, шағымдануға кеткен еді.
Қаз-үйрек бағушы қыздың әңгімесін тыңдап болады да, «мұңайма, корольді көруге өзіміз-ақ барайық» деген ұсыныс айтады. Шоқпытқыз үстіндегі ескі киімі мен жарылып кеткен жалаң аяғына қорына қарайды. Сол кезде құс бағушы сырнайына көңілді әуенді құйқылжыта салып жібергенде қыз бар реніш-қайғысын ұмытып кетеді. Сөйтіп құсшы жігітпен қол ұстасып, қаз-үйректерін алдыға салып секіре билеп, қалаға қарай бет түзейді.
− Қаласа ақсақтар да билейді, − дейді құс бағушы жігіт ақсия күліп. Көп ұзамай оларға бір сымбатты келген аттылы жігіт жолығып, корольдің қамалына апаратын жолды сұрайды. Жігіт бұл екеуінің де корольді көруге кетіп бара жатқанын білгенде атынан түсіп жолаушылармен қатарласып жаяу жүреді.
− Сендер көңілді екенсіңдер, жақсы серік болатын сияқтысыңдар, − дейді.
Құс бағушы: − Өте жақсы серік боламыз, − дейді де сыбызғысына мүлде басқа әуен салып тартады.
Әуеннің әсерінен аттылы жігіт Шоқпытқызға қарай береді, қарай береді. Қарай-қарай үстіндегі нашар киімін де, күс болған жалаң аяғын да байқамай, тек әдемі жүзіне ғана сұқтанады. Бір кезде:
− Сен жер бетіндегі ең жақсы қыз екенсің. Маған тұрмысқа шықшы, − деп сөз айтады.
Құс бағушы жігіт бұған күлімсіреп бұрынғыдан да бетер тәтті әуендерді құйқылжытады. Шоқпытқыз болса миығынан күліп:
− Маған үйленсең, жұрттың мазағына қаласың. «Ақсүйек жігіт не теңің» деп мені де аямас. Одан да бүгін корольдің сауық кешіне келетін бикештердің біреуін таңда, − дейді.
Бірақ қыз бас тартқан сайын жігіттің ынтызары арта түсіп, одан бетер жалынады:
− Бүгін түнгі сағат он екіде корольдің бал кешіне осы шоқпыт киіміңмен, жалаң аяқ, жалаң бас келші. Құс бағушы ақсақ досыңды үйрек-қаздарыңмен бірге ерте кел.
Король мен бүкіл лордтар мен ледилердің алдында сенімен би билеп, жүрегім қалаған сүйікті қалыңдығым деп жариялаймын, − дейді.
Алғашқыда Шоқпытқыз балға барудан бас тартып, ат-тонын ала қашады. Бірақ құс бағушы досы:
− Басыңа қонған бақты үркітпе, аяулым, − дейді.
Күн батқанда корольдің сарайы самаладай жарыққа бөленіп, ән-күйге толады. Жер-жерден игі жақсылар жиналып, корольмен дастархандас болып, көңіл көтереді. Сағат тілі он екіні көрсеткенде Сарайға бір үйір қаз-үйрегін айдап, Шоқпытқыз бен ақсақ жігіт кіріп келеді. Ледилер сыбырласып, лордтар мырс-мырс күліп, қақ төрдегі тақта отырған король аңырып қарап қалады. Ал, корольдің жанында отырған принс орныннан ұшып тұрып, қонақтарға қарай беттейді. Шоқпытқыздың қолын алып, бетінен үш рет сүйеді де, корольге бұрылып:
− Әке! Мен өз қалауымды таптым. Міне, менің қалыңдығым. Жер бетіндегі ең сұлу, ең жақсы қыз, − дейді. Принстің сөзін іле-шала ақсақ жігіт сыбызғысына тоғайдағы түрлі әнші құстардың сайрағанын салып құйқылжыта жөнеледі. Әсем әуезбен бірге Шоқпытқыздың үстіндегі ескі киімдері сусылдаған әдемі жібек көйлекке ауысады.
Басына алтын тәж қонады, қаз-үйректер сырбаз қылықты сыпайы паждарға айналады.
Король сәлемдесу үшін орнынан тұрып, келініне құшағын жаяды. Сарай музыканттары сырнайлатып, кернейлетіп, жаңа принсайымның келін боп түскенін хабарлайды.
Халық «принсіміз әлемдегі ең жақсы қызға үйленіпті» деп қуанады.
Бірақ сол күннен бастап құс бағушы енді қайтып ешкімнің көзіне түспейді. Қайда кетті, не болды, ешкім білмейді.
Ал, жиен қызының бетін ешқашан көрмеуге ант берген қарт лорд теңіз жағасындағы сарайына қайта оралыпты. Ол өз шашына өзі маталып әлі сол бұрынғы орнында отыр. Көзінен аққан ащы жасы кішігірім өзенге айналып, телегей теңізге әлі құюда.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Мико - Сегодня, 00:28
Орыс тілі (русский язык) (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өтінемін көмек керек 6 сынып тжб 1 тоқсан🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺

ШАПАТЖАНОВА АРАЙЛЫМ ГАЛЫМЖАНОВНА - Вчера, 23:41
Ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының саналы оқу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері

Шет тілі пән мұғалімі

Абишев Даулет Жумажапарович - Вчера, 23:41
Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру әдістемелік ерекшеліктері

КҮШТІ

Абишев Даулет Жумажапарович - Вчера, 23:40
Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру әдістемелік ерекшеліктері

ЖАҚСЫ САЙТ

жаратылыстану - Вчера, 22:52
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:49
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:48
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сыныптың тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:45
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаратылыстанудан 5 сыныптың тжб тапсырмалары қажет

Гость лаура - Вчера, 22:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

3 класс тжб бжб жауаптар барма жеберш

Жасмин - Вчера, 22:34
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану