Темекінің зияны болашақ ұрпақ денсаулығына қаншалықты қауіпті?



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Ақша ма, махаббат па?

Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениет пен тарихты, жылдар бойы жау басуынан қорғап, шекарасын тұрақтандырған шұрайлы жерді, асыл рухани қазынаны ата-бабамыз табыстаудың алдында болашақ ұрпақ тәлім-тәрбиесі мен жауапкершілігі жөнінде үлкен толғаныста болды. Шынымен де, ертеңгі жас ұрпақ жайлы адам баласының   күнделікті ойға батуы неліктен? Күні бүгін де келер күн өзімен бірге не әкелетінін тұспалдай да алмаймыз. Болашақ ұрпақтың өмір қиындығынан сүрінбей, рухани қазынаны сақтай өту  барысында жолдан тайдыратын  үлкен қауіп-қатерлер баршалық. Ең алдымен, адам баласының ессіз қылықтары, қауіп төндірерлік дағдылары бетпе-бет кездеседі. Олар темекі шегу, есірткі қабылдау, ішімдікке құмарлану сияқты у-мен теңбе-тең келетін машықтар. Бұл кездесуден зардап шегетін - ұрпақ денсаулығы. Менің түсінігім бойынша, темекінің зияны болашақ ұрпақ денсаулығына өте қауіпті. 

Темекі - болашақ ұрпақтың болмауына үлкен қауіп төндіреді. Ең басты себеп -  темекінің есебінен әйелдерде қабыну аурулары жиілігі көбее түседі де, бұл бедеулікке әкеп соғады. Содан соң, темекі шеккен ананың қабіріндегі баланың өлі болып тууының мүмкіндігін жоғарлатады. Адам баласының көбее алмай санының азайуын елестетіп көрейікші. Көз алдыма қорқынышты сурет түседі. Өмірде бала сүймей қайту - үлкен рақат пен бақыттан айырылу деген сөз.  Неміс гинеколог дәрігері Бернхард 6 мыңға жуық әйелдерді тексерген соң бедеулілік темеккі шеккендерде 42%, ал шекпегендерде 4 -ақ  %  байқалғаны екенін атап өтті. Темекі жүктіліктің 96% түсік және 1/3-не күні жетпей туылған бала көлемінде зиянды. Қазақ елі ұрпағының денсаулығы өз артынан ұрпақ қалдыра алмаған күйге жетуі әбден мүмкін. Міне, темекінің қауіпі осындай дәрежеде үлкен. 

Темекі әр 6 секунд сайын өз артынан адам өмірін әкетеді. Эссені оқыған уақыт ішінде әлемде темекі шегуден 20 адам дүниеден қайтты деген сөз. Темекі адам денсаулығына у секілді әсер етеді. Өкпе, ауыз қуысы, бауыр, жатыр обырлары, бронхит, миокард инфаркті осы аурулардың шексіз тізбегі никотинмен қатынасқа түсудің зардаптары.  Демек, болашақ ұрпақ темекі әсерінен қысқа әрі нашар күн кешеді. Денсаулығы жоқтығының әсерінен ел ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы төмендей түседі. 15 ғасырдың орта шенінен бері қалыптасқан Қазақ этносының саны азаю қаупі туындайды.  Аз ғана ғұмыр кешіп, жаман әдетінің есебінен денсаулығынан, өмірінен айырылатын, өз артынан бала қалдырмайтын болашақ ұрпаққа сенімділікпен қарау, оған үлкен үміт арту бекер емес пе? 

Сан ғасырлар бойы қалыптасқан алтын мұрыны ұрпақтан ұрпаққа қалыптасқан күйінде сенімді табыстау үшін алдымен алар ұрпақтың бүтіндігіне көз жеткізу қажет. Бүгінгі күн бұл факторға ең басты мәселе - денсаулық, содан соң білім, тәрбие қатарынан қалмас. Денсаулығына зиян тигізіп, өмірін нашарлатқан ұрпақ - сенім жоғалтады. Сол себепті қысқа да бақытсыз ғұмырдың себебі - темекі шегуді халық өмірінен алыстату  өзекті болып отыр. Темекі шегу - қауіпті, бұл көптеген ғалымдармен дәлелденген факт. Ал сол жаман дағдының көзін жою - біздің қолымызда.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақтар көрген түсті қалай жорыған?



00


Комментарии для сайта Cackle