Сатиралық ертегі: Екі еріншек

Сатиралық ертегі: Екі еріншек


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жанға шипа жеміс шие

Бір уақытта Итаяқ деген кәрі шал болған екен һәм мұның Шүйке деген кемпірі болыпты. Бұлардың бір жалғыз сиыры бар екен. Бұл сиырдың кәрілігі иелерінің кәрілігіндей екен.
Қаңтардың шақырлап тұрған аяз күні:
– Сиырға шөп сал, – деп, шал кемпіріне бұйрық қылды. Кемпір бұған бұлайша деп жауап берді:
– Кет арман, егер де тілесең, өзің бер. Мұндай суық күні шөптің үстінен қар күреп, сиырға шөп салып, азаптанбаймын, сен білмейсің бе. Сенің бұйрығыңды орнына бажай келтіруге үлпілдеп тұрған жас емеспін ғой, – дейді. Шал айтты:
– Сен бармағанда, мен барам ба? Алла тағала менен Мұхамед пайғамбарымның бұйырғаны бойынша өле-өлгеніңше мен неге бұйырсам, соған көнсең керек, – дейді. Шығуға аяздан қорқып, екеуі көп таласты. Ақырында, екеуі бұлайша деп, уағда қылды:
– Егерде қай бұрын сөйлегеніміз сиырға шөп салайық, – дейді. Кемпір шалды амалменен сөйлетуге ойлады. Бұл себептен кемпір бір күлдіргіш қу адамға барып:
– Менің шалымды сөйлетіп бер, – дейді. Бұл күлдіргіш адам шалға келіп:
– Асаламалейкүм, Итеке, – дейді. Үндемейді.
– Сен неге үндемейсің, науқассың ба? – дейді. Тағы да үндемеді.
– Сенің тілің бар ма, жоқ па? – дейді. Үн жоқ. Күлдіргіш тұрды да, «Бүйтіп дәнеңе қыла алмайды екенмін, өзге бір нәрсе ойлайын» дейді.
Күлдіргіш Итаяқты шымшылап, аяғынан сүйреп, шашынан тартып, құлағынан жұлқи бастады. Бұл қылған амалы да түкке жарамаған соң ұстараны алып, шалдың құрғақ шашын күшінің пәрменінше қыра бастады. Шалдың жанына батса да, мықтанып, тымсырайып отыра берді.
Күлдіргіштің көңілі бұған да көншімей, сақалы мен қасын алып тастап, бет-аузының бәріне қара сатпақ қылып, күйе жағып қойды. Итаяқ сонда да үндемей, жалпиып отыра берді.
Күлдіргіш көршісінің үйінде жасырынып отырған кемпірге жүгіріп барып айтты:
– Ей, Шүйке, жұмыстың бәрі бітті. Енді барсаң да болады, шалың күтіп отыр, – дейді.
Шүйке қуанғаннан:
– Сиырға шөпті мен бермеймін, шалым береді ғой, – деп, үйіне қарата байпаңдап жүгірді. Үйіне кіргенде, шалының жексұрынданып отырған пішінін көріп, шошып кетті. Шүйке таңқалғаннан біраз ғана қозғалмастан тұрып, аяғында әрең-мәрең қатты сөйлеп жіберіп айтты:
– Сүйікті, шалым, Итекем, қарағым, шырағым, көзім тоймайтұғын көзімнің нұры, саған не болған? – дейді.
Итеке орнынан ұшып тұрып, қуанғаннан қатты айғай салып:
– Шүйкешім, енді сиырға шөпті сен саласың, – дейді.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қымыздың қасиеттері мен пайдасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle