Сатиралық ертегі: Батпан шал

Сатиралық ертегі: Батпан шал


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ақылсызды ес жидыру дұғасы

Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен – Батпан батыр.
«Бір-біріне соққан батырмын» деп, көшеге қағаз жапсырады.
Күндерден күн өткенде бір патшаның ат басындай алтыны жоғалып, соны бәрілері таба алмаған соң, Батпанды алдыртады.
Батпан батыр келген соң айтады:
– Маған мынау арадан үй салып бер, ішінде әртүрлі тағамдар болсын, – депті.
Айтқанының бәрін хан жасады. Батпан батыр, бір-біріне соққан батыр барып, әйтеуір, «Мен таба алмаймын, мен[і] хан өлтіреді. Одан да мына тұрған тағамға тойып алайын», – деп, жеп-жеп, іші ауырады.
Түні бойы шал «Ішім-ай» деп, бақырып шығады. Бұл алтынды алушылардың аты Ішімай болады екен.
– Бұл біздің атымызды тапты, – деп, қорқып, аяғына жығылып айтады:
– Ханның алтынын ұрлаған біз едік. Бізді ханнан құтқара көр, алтыны есігінің алдындағы теректің арасында, – деп айтты да, кетті.
Батпан таңертең ерте тұрып, ханға келіп, алтынын тауып беріп, қайтпақшы болды.
Хан бұған қырық сиыр, отыз қой берді. Бұл оны алмастан, тарғыл өгізге мініп қайтты.
Жылдардан жыл өткенде жыл[ы] мекеніне жеткенде, ханның қызы жоғалады. Тағы үйренген Батпанға келеді. Батпан барады. Бара жатқанда кемпірге айтады:
– Алғашқыда құтылдым, енді тұтылдым, – дейді.
Тағы баяғысындай жеке үйге кірді. Түн ортасынан тұрып ап, алғашқыда құтылдым, енді тұтылдым деп қақсайды. Манағы ханның қызын қалмаққа шығарып беруші үш адамның біреуінің аты Тұтылдым екен.
– Қой, болмас, – [деп], аяғына жығылып айтады:
– Пәлендей жерде қалмақтар әкеткен, – деп.
Ертеңінде шал ханға келіп айтады:
– Маған бір қара арғымақ бер, – деп. – Және қырық жігіт, қырық кез жібек арқан бер. Сондай алыста қалмақ әкеткен екен қызыңды, – дейді.
Хан әлгі айтқанның бәрін беріп, жөнелтеді. Атқа мінбеген сорлы арғымақтан құлап қала жаздап, қырық жігітті шақырып, өзін-өзі «Күшім тасыды» деп, байлатып жөнелді. Батпанның қарасы да көрінбей кетті.
Қырық жігіт қорыққанынан жүгіріп келеді. Батпан қалмаққа жақындап қалды. Алдында бір әуеден жерге тірелген бәйтерек тұр. Бұл соған атының басын тіреп, қайтуға ойлаған. Ат бәйтеректі қағып жібергенде, бәйтерек түбімен қопарыла құлады. Бірақ бір жағы үзеңгіге ілініп, сонымен қалмақтарды қырды. Қырық жігіт келді. Екі жігіттің біреуін сүйіншіге жіберді. Біреуін қырық сиыр, отыз қойын бергенде, алған жоқпын, енді хан маған қызын берейін деп, [жатыр деп оны] жіберген. Ақырында, хан қызын беріп, шал алып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, Батпан батыр жеті ебелі соққан мұратына жеткен.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кітапты қалай күтеміз



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle