ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Ғажайып фабрика 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
 Ғажайып фабрика 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып фабрика 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты:Өсімдіктердің жасыл мүшелерінде жүретін үдеріс – фотосинтез туралы біледі

Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз»
Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.
Ассоциация. «Өсімдік» ұғымын естігенде туындайтын ассоциацияларын атайды.
Аталған түсініктердің кейбірін оқушылармен талдау, талқылау. Өсімдік туралы бастапқы білімдерін анықтау.

Сұрақтар:
1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
2. Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін ата.
3. Өсімдіктің өсуіне не қажет?
4. Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
5. Жапырақтар неге жасыл болады?
Мақсат айқындау. Бүгінгі сабақта біз өсімдіктің, оның жапырақтарының неге түсі жасыл болатынын, сонымен қатар, өсімдіктің тіршілік үшін тигізетін ең басты пайдасы туралы білеміз.
Инфографикамен жұмыс. Ең алдымен инфографикаға назар аударайық.

Бірнеше оқушы өз қалауымен инфографиканы «оқуға» тырысады. Басқалары көмектесе отырып, шамамен мынадай тұжырымдар айтады: «Өсімдіктер ауадағы көмірқышқылгазды сіңіреді, оттек бөліп шығарады. Ол үшін өсімдікке су мен Күн сәулесі қажет».
Оқушыларға оттек пен көмірқышқыл туралы қысқаша айту: Оттек – ауаның құрамындағы тірі ағзалар тыныс алғанда жұтатын газ. Көмірқышқыл газ – тірі ағзалар тыныс шығарғанда ауаға бөлетін газ.
Зертте. Оқушыларды тәжірибе жасау үшін шағын топтарға «Геометриялық фигуралар арқылы» бөлу.
Зерттеу жұмысын жүргізу үшін төмендегі әрекеттерді орындау.
1. Бір өсімдіктен екі жапырақ үзіп ал.
2. Бірдей ыдысқа салқын су құй.
3. Газдалған минералды суды қос (бұл өсімдікті көмірқышқыл газды алуы үшін қажет.)
4. Жапырақты толығымен батып тұратындай етіп суға сал. Қажет болған жағдайда жапырақтың шетін ұсақ тастармен бастырып қою керек.
5. Бір ыдысты қараңғы жерге, екіншісін Күн көзі тікелей түсетін жерге қой.
6. 3-4 сағат өткен соң жапырақтарды салыстыр. Қандай өзгерістерді байқадыңдар? Неліктен?
7. Қорытынды жаса.
Мұғалім өзі алдын ала жасаған тәжірибе нәтижесін көрсету. Балаларға жапырақ бетіндегі көпіршіктердің оттек екенін түсіндіре отырып, жапырақтың көмірқышқыл газды, суды, Күн сәулесін сіңіретініне тоқталу. Нәтижесінде жапырақтарда күрделі үдеріс жүріп, оттек пен қоректік заттар түзілетінін айту
(мүмкіндік болса, 3-4 сағат өткен соң әр топтың зерттеу нәтижесін тыңдап, оны талдап, бағалау).
Мұғалім-оқушы диалогі.
- Өсімдік - өз қорегін өзі өндіретін тірі ағза. Ол үшін өсімдікке не керек екенін анықтау үшін мына «Сиқырлы қорапшаның» көмегіне жүгінейік (Күннің жарығы, көмірқышқыл газ, су). Күн сәулесі жасыл жапыраққа түскенде, онда оттек пен қоректік зат – глюкоза түзіледі. Глюкоза өсімдіктің өсуі, дамуы үшін керек. Ал өсімдік ауаға оттек бөліп шығарады. Оттек барлық тірі ағзалардың тыныс алуына қажет. Жер бетіндегі тіршілікке әсер ететін фотосинтез үдерісі осылай жүреді.

Ойлан. Әр топқа екі сурет ұсынылады. Бір сурет көлік көп жүретін, ағаш аз қала көшесінде серуендеп жүрген баланы суреттейді. Ал екінші топ көлігі жоқ, ағаштар, бұталар, шөптері анық байқалатын орман немесе саябақта серуендеген баланы бейнелейді.
Балалар, қала көшесінде немесе саябақта адамға не әсер етуі мүмкін, қалай ойлайсыңдар? (өсімдіктер оттек бөлетіндіктен, саябақ пен орманда тыныстау жеңіл болады)
Мұғалім-оқушы диалогі.
Сен білесің бе? Фотосинтез сөзі грек тілінің екі сөзінен құралған: фотос – жарық және синтез – біріктіру. Осы процестің сызбасын жасап көрейік.
Оқушылар фотосинтез процесінің сызбасын жасайды. Шамамен мынадай нұсқа сызады:

Көмірқышқыл газ + су + Күн сәулесі
=
қоректік заттар + оттек

Сергіту сәті.
Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.
3-жұмыс парағы. «Ғажайып фабрика», 5-б.
Дұрыс тұжырымды анықта. Оқушыларға алдымен тапсырманы өз бетімен орындап, содан соң тобындағы сыныптастарымен жауабын салыстыру керек.
(Жауаптары: Дұрыс жауап: 1, 3, 4, 5. Дұрыс емес: 2).
Мәтінді толықтыр. Оқушылар бос орындарға тиісті сөздерге септік жалғауларын дұрыс жалғап қою арқылы мәтінді толықтыра алады.
1) оттекті, 2) түссіз, 3) фотосинтез, 4) сәулесінің, 5) суды, 6) қоректік заттарды.
4-жұмыс парағы. «Маңызды газдар», 6-б.
Фотосинтез үдерісі. Жұмыс парағының бұл тапсырмасын орындау үшін оқушыларға түрлі түсті қарындаш керек. Тапсырма оқушылардың меңгерген білімін бекіту үшін әрі қалыптастырушы бағалау құралы ретінде тиімді..........
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Алхам - Сегодня, 03:29
Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1000

Абиева Ақерқе - Сегодня, 00:55
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Математика 4сынып БЖБ ЖАУАПТАРЫ

Happy girl - Сегодня, 00:47
Моя Родина — Казахстан (2, 3, 4 класс)

Это легко

Гость жадыра - Вчера, 23:57
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4сынып жауаптары барма математикадан

Ваше имя - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қазақстан тарихы 5 сынып тжб 1 тоқсан пжжж

Менсулу - Вчера, 23:35
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Рахмет

Merei - Вчера, 23:26
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарих 6-сынып тжб керек тезирек

Гость Айша - Вчера, 22:08
Фариза Оңғарсынова (Жылу)

Итачи Саске Наруто Сакура

Мен - Вчера, 21:52
Қазақ тілі Т1 (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жоқ

Айзия - Вчера, 21:39
Отбасы күні (Менің отбасым, менің жанұям)

Отбасы-отбасыда көмек көрсетті керек,сен отбасында ұрыспау болмайды өйткені олар сені жақсы көреді Ал сенде өзінің