Жануарлар қайда тіршілік етеді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Жануарлар қайда тіршілік етеді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қайда тіршілік етеді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың тіршілік ортасын біледі.

Ой сергек. Оқушылардың тілек білдіруі.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жедел жауап. «Доптың сұрағы» ойыны бойынша бірінші сы¬ныпта өткенді еске түсіріп, өсімдіктердің қандай түрлері болатынын сұрау. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
- Өсімдіктерді қандай топ¬тарға бөліп қарастыруға болады?
- Қандай белгілерге сүйеніп топтастырамыз?
- Өсімдіктер қайда өмір сүре алады?
- Олардың өмір сүруі үшін не қажет?
- Дәл сол жағдайлар жануарларға да қажет пе?
- Олар кез-келген жерлерде өмір сүре алады ма?
- Жануарларды қалай және қандай белгілері бойынша топтастыруға болады?

Топқа біріктіру. Оқушыларды «Қарақұйрық, аю, бүркіт, дуадақ, кәмшат, ақтүлкі, піл, итбалық, шегіртке» сөздері жазылған қима қағаздар арқылы топқа біріктіру.
Алуан түрлі жануарлар. Оқулықтағы сурет саны бойынша құрылған 9 топтың атауына сәйкес берілген суреттегі мекен туралы сипаттама жа¬сау (Жауаптары: 1. Шөл. 2. Аралас орман. 3. Тау. 4. Дала. 5. Өзен. 6. Арктика. 7. Саванна. 8. Теңіз. 9. Шалғындық).
Сұрақтар:
- Ол қандай мекен?
- Өсімдіктер бар ма?
- Алыстағы көкжиек көріне ме әлде кедергі жасай¬тын нәрсе бар ма?
- Топырағы қандай?
- Осындай жер¬лерде болып көрдіңдер ме?
- Ол жердің атауы қан¬дай?
- Басқа қандай жерлерде жануарлар тіршілік ете алады?
Зертте. Зерттеу жұмысы арнайы үлестірме парақшалары бойынша жүргізіледі.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• Әр оқушы үлестірме парақшадағы мәліметпен танысу.
• Сипаттамасына сәйкес суреті мен атауын тауып, біріктіріп қою.
• Құралған «үштікті» мұқият қарап шығып, ортақ белгілерді анықтап, төрт топқа топтастыру.
• «Үштікті» парақтағы сәйкес бөлікке жапсыру.
• Топтастыруларын нақты дәлелдермен түсіндіру.
• Басқа топтың плакаттарымен салыстырып, бірге талдау.
(Жауаптары:
Бірінші топ – орман: джунгли, аралас орман.
Екінші – суқойма: өзен, теңіз, көл.
Үшінші – тау.
Төртінші – ашық кеңістік: дала, шөл, шалғындық, саванна).
Мұғалімнің түсіндіруі. Жануарлар өсімдіктер сияқты Жер шарының барлық аймағында тіршілік етеді.
Олардың басым көбі орманды мекен етеді. Орманға джунгли, тайга және басқалар жатады. Орманның орналасқан жеріне байланысты оны аю, бұлан, жалқауаң, маймыл мекендеуі мүмкін.
Тау – жер бетінің биік бөлігі. Тауды ілбіс, арқар, қыран мекендейді.
Суқоймаларға мұхит, теңіз, өзен, бұлақ, тоған мен көл жатады. Суқоймаларда алуан түрлі жа¬нуарлар: дельфин, кит, кәмшат, құндыз, түрлі ба¬лық тіршілік етеді.
Арыстан, антилопа, дуадақ пен түрлі бунақ¬денелілер ашық кеңістікте тіршілік етуге бейім¬делген. Ашық кеңістіктер – бұл дала, шалғын, шөл, шөлейт, саванналар. Онда ағаш, бұта сирек кездесіп, шөптесін өсімдік өсуі керік, қосаяқ, қа¬рақұйрықтарға қолайлы жағдай туғызады.
Тастақты шөлдерді жылан, ал мұзды аймақтарды ақтүлкі, арктика қасқыры, солтүстік бұғысы мекендейді.
Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?
Су түбіндегі балықтардың алуантүрлілігі туралы бейнекөрініс көрсетіңіз. «Жарқыра¬уық» балықтардың әртүрлі көлемде және пішінде болатынын айтыңыз. Егер мүмкіндік болса, сынып бөлмесін қараңғылап, кішкентай шамдардың көме¬гімен су түбіндегі қараңғылықты көрсетіңіз.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
23-жұмыс парағы. «Жануарлар қайда тіршілік
етеді?», 25-б.
Жануарлардың тіршілік ортасы. Оқушылар зерт¬теу нәтижесіне қарай жануарлардың тіршілік орта¬сын бірдей түспен бояп шығады. Одан кейін сөйлем құрап жазады (Жауаптары:
Төрт түрлі түс шығуы тиіс. Бірінші: джунгли, аралас орман. Екінші: өзен, теңіз, көл, мұхит. Үшінші: тау. Төртінші: дала, шөл, шөлейт, шалғындық, саванна.
Джунгли, аралас орман орманға жатады.
Суқоймаға өзен, көл, теңіз, мұхит жатады.
Ашық кеңістікке дала, шөл, шөлейт, шалғындық, саванна жатады.
Жануарлар тіршілік ортасына қарай мынадай топтарға бөлінеді: ашық кеңістік, тау, суқойма, орман).
24-жұмыс парағы. «Жануарлардың топтары», 26-б.
Төрт топ. Оқушылар көмекші сөздерді пайдаланып, әр жиектеменің астындағы жазуға сәйкес кез келген мекеннің атын жазып, олардың суретін салады. Кей¬бір оқушылар көрсетілген тіршілік ортасында өмір сүретін жануарлардың суретін салады (Жауаптары:
Орман: джунгли, аралас орман.
Суқойма: өзен, теңіз, тоған, көл.
Ашық кеңістік: саванна, дала, шалғындық, шөл..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 776



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?