ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Қоршаған орта жағдайларына байланысты өсімдіктердің бейімделу жолдарын біледі.

«Шаттық шеңберін» құруға шақыру. Доп лақтыра отырып, тілек айту арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Лездеме сұрақтар. Шеңбер жасай отырып, жұптасып, сұрақтарға жауап беру. Жауапты тыңдау.
1. Өсімдіктер несімен бір-біріне ұқсас?
2. Өсімдіктер неге байланысты өзгеріске ұшыраған?
3. Өсімдіктер немен ерекшеленеді?
4. Өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
Мұғалім-оқушы диалогі. Орман өсімдіктері. Берілген сұрақтарға жауап беру.
- Орманның төменгі қабатында қандай өсімдіктер өседі және олар¬дың ерекшелігі қандай?
- Күн сәулесін қай қабаттағы өсімдіктер көбірек, ал қай қабаттағылар аз мөлшерде алады?
- Бір қабатта жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер бірге өсуі мүмкін бе?
- Жарықсүйгіш өсімдіктер орманның қай бөлігінде, ал көлеңкеге төзімді өсімдіктер қайда орналасқан?
Қорытынды жасайды. Өсімдіктер Күн сәулесін жеткілікті мөлшерде алуға ұмтылатынын, өсімдіктердің өсуі үшін әртүрлі жағдайда түрлі мөлшердегі жарық керек екендігін түсінеді.
Бейімделу. Жұптық жұмыс негізінде Күн сәулесінің жеткілікті және шамадан тыс кезінде өсімдікке қалай әсер ететінін анықтау.
Топтық жұмыс. Оқушыларды шағын топтарға «Жапырақтардың түрлеріне» байланысты біріктіру.
Зертте. Орман өсімдіктерінің барлығының биіктігінің алуан түрлілігіне байланысты ашық кеңістікте және қалың орманда өсіп тұрған ағаштардың суреті бар А4 пішіміндегі парақшалар тарату. Ватманды екіге бөліп, оған суретті жабыстырып, өз ойларын жазу ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• Орманда және ашық кеңістікте өсетін өсімдіктерді қандай белгілері бойынша ажыратуға болатынын топта талқылау (бұтақтарының саны, діңінің ұзындығы).
• Ватманды екіге бөліп, әрқайсысына суретті жабыстыру.
• Әр суреттің өзіне тән өзгеше белгілерін анықтап, жазып қою.
• Нәтижелерін өзге топтармен салыстыру.
Зерттеу нәтижесінде оқушылар қоршаған орта¬ның әртүрлі жағдайларына өсімдіктердің бейімделу тәсілдерін түсіндіреді.
«Мұғалім-оқушы» диалогі. Оқулықпен жұмыс.Оқулықта берілген ақпаратты топ бойынша талдап, өз ойларын айту.
Ойлан. «Қайыңның ұшар басы не себепті дөңге¬лек?» деген сұрақты топпен ойланып жауап беруін сұраңыз. Өсімдікке тәулік ішіндегі (таңертең, түсте, түс ауа, кешке) жарық түсу үдерісін доп пен шам¬ды пайдаланып түсіндіруін немесе кесте түрінде көрсетуін сұраңыз. (Бір күн ішінде қайыңның ұшар басы бірте-бірте барлық жағынан күн сәулесімен жарықтандырылады. Бұл ағаштар қоршаған ортаға бейімделген әрі көп мөлшердегі жарықты қабылдай береді.)
Сен білесің бе? Оқушыларға кейбір өсімдік¬тердің гүлдеуі мен жеміс салуы үшін қысқа күн жет¬кілікті екенін айтып өтіңіз (ұзақтығы 12 сағатқа жуық). Өсімдік қабылдайтын жарық мөлшерін өзгерту арқылы үлкен көлемдегі тамыржемісін алуға, не бол¬маса гүлдену үдерісі мен дәннің пісіп-жетілуін жыл¬дамдатуға болады.
Сергіту сәті.
Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.
7-жұмыс парағы. «Өсімдіктерге жарықтың
әсері», 9-б.
Бақбақ. Бұл тапсырма балалардың алған білім¬дерін бекітуге арналған. Қорытынды жасауға анықта¬ма сөздері көмектеседі (Жауаптары:
1. Көлеңкеде өскен, тез бейімделген. 2. Ашық жер¬де өскен, тез бейімделген).
8-жұмыс парағы. «Гүл өсірушіге кеңес», 10-б.
Монстера гүлі. Оқушылар сыртқы жағдайлардың белгілерін танып білу үшін өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктерін талдайды (Жауаптары:
Өсімдік жапырақтарына жарық әртүрлі түседі. Төменгі, қабырға жаққа қарап өскен жапырақтарға жарық аз түседі, көлеңкеде өседі. Жоғарғы жапы¬рақтарға жарық мол түседі, үлкен боп өседі)...........
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
ZHARAR - Сегодня, 00:26
Әруақтарға құран бағыштау үлгісі  🕋 (мәтін, видео)

керемет құран бағыштау әдебі жарияланған

ш - Вчера, 21:37
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Қарлығаш - Вчера, 20:49
Отан, Туған жер, Қазақстан

Нұрзия

Ұлдықыз - Вчера, 20:24
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жауаптары жоқ па

Гость Аяулым - Вчера, 20:13
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 класс информатика сор одветы

Гость Назым - Вчера, 19:30
Анашым, мама

Мама сен алтынсын, Гүл боп жайқалып. Әрқашан күліп жүріңіз анашым!

Әсетқызы Нұрай - Вчера, 18:41
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалаи аталады

Әсетқызы нұрай - Вчера, 18:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалай аталады

Оааотаоа - Вчера, 17:21
Мен ҚАЗАҚ деген ел едім!

Маған ұнады

Нұрхан - Вчера, 16:41
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб казастан тарих