Сабақ жоспары (ұмж): Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пияз дене қызуын түсіреді

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез үдерісі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты:Оқушылар:
өсімдікте фотосинтез үдерісінде қоректік заттар түзілетінін түсінеді;
өсімдіктегі хлорофилл туралы мағлұмат алады.

Ұйымдастыру. 1 мин оқушылардың көздерін жұмып, жер бетін өсімдіксіз елестетуді сұрау. Оқушылардың ойын тыңдау.
Жедел жауап.
«Ашық микрофон» әдісі.
Бір оқушыны жүргізуші етіп сайлап, қолына микрофон беру. Жүргізуші өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды, оқушылар жауап береді.
Сұрақтар:
• Фотосинтез дегеніміз не?
• Өсімдік оттекті қараңғыда бөліп шығара ала ма?
• Адам, өсімдік пен жануарлар қандай газбен тыныс алады?
• Өсімдіктерге көмірқышқыл газ не үшін қажет?
• Өсімдікке қоректік заттар неге керек?

Оқулықтағы «Ғалымның бақылауы» суретіне назар аударту. Сұрақтарға жауап алу.
- Ғалым нені бақылады?
- Екі жылда өсімдік қалай өзгерді?
- Өсімдіктің өсуіне не көмектесті?
- Өсімдіктердің өсуіне Күн сәулесі қалай әсер етті?
- Өсімдік отырғызылған ыдыстың массасы неліктен өзгерді?
- Ғалым қандай зерттеу тәсілін пайдаланды?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
Топтық жұмыс. Оқушылар топта сурет бойынша әңгіме құрастырады. Әңгіме барысында оқушылар өсімдіктердің адамға, жан-жануарға, тұрмысқа қажеттілігін жеткізеді.
Критерийі:
1. Өсімдіктердің тірі табиғатқа қажеттілігін айтады
2. Тұрмысқа қажеттілігін түсіндіреді
3. Білім алуға қажеттілігін айтады
4. Денсаулыққа қажеттілігін әңгімелейді
5. Адам өміріндегі маңызын дәлелдейді

Әр топ критерийді басшылыққа алып өз жұмыстарын қорғайды.
Бейнефильм көру.
Оқушылар жұпта видеоролик көрсетілімі бойынша ой бөлісу.
- Бейнефильм не туралы?
- Бейнефильмде қандай жаңа ақпарат болды?
Мәтінмен жұмыс.
Оқулықтағы ақпараттармен «Түртіп алу» әдісі бойынша жұмыс жасау. Оқушылар түсініксіз сөздерді қарындашпен түртіп отырады. Мәтінмен танысқан соң оқушылармен бірлесе отырып түсініксіз сөздер немесе сөз тіркестерімен жұмыс жасау.
Астананың жасыл белдеуі
«Еркін жазу» стратегиясы арқылы оқушыларға бастапқы сөйлем беру. Әр оқушы сөйлемді өз ойларымен жалғастырып жазу.
Астана қаласының төңірегіне ағаш отырғызылды. Өйткені .......................
Жазылымдарын жұпта оқу. Жұптық бағалау жүргізу.
Өз өлкемізде осы тәрізді шаралар жүргізіле ме?
Ойлан.
Көгөніс, жеміс, дәнді дақыл өнімінің артуына Күн қалай әсер ете алады? сұрағы бойынша оқушылардың жауабын тыңдау. Күн - жылу мен жарық көзі болғандықтан, көгөніс, жеміс, дәнді дақылдар ыстық жерлерде ерте пісетінін оқушыларға айту.
Зертте.
Қай өсімдік жыл бойы оттек бөліп шығарады?
Топтарға әр түрлі өсімдік суреттерін тарату. Оқушыларға өсімдіктерді топтастыруға тапсырма беру. Сол өсімдіктердің ішінен жыл бойы оттек бөліп тұратын өсімдіктерді бір топқа жинақтауды талап ету. Топ мүшелері берілген өсімдіктердің атын атайды және қалай топтастырғандарын түсіндіреді және дәлелдейді. Топтар бір-бірінің жұмыстарын салыстырып, толықтырулар жасайды.
Есте сақта!
Оқушыларға оқулықтағы ақпаратты жеке оқуды тапсыру.
Оқушы білімін бағалауға арналған тест сұрақтары:
1) Өсімдіктер не арқылы өз-өздерін қоректендіре алады?
A) оттегі, сутегі
B) азот, көмірқышқыл газы
C) көмірқышқыл газ, су, күн энергиясы
2) Өсімдікке жасыл түс беретін бояғыш зат қалай аталады? ........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle