Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Миллиардер бай болғысы келетіндерге 10 құпиясын ашты

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
Сабақтың мақсаты:Оқушылар: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ерекшеліктермен танысады;
кейбір жануарлардың тіршілік ету жағдайына қалай бейімделетінін түсінеді.

Ұйымдастыру.
Жануарларды топқа бөлу
Берілген жануарлар суретін топтарға бөлу.
Әр топтың шешімдерін тыңдау. Олар үй жануарлары, жәндіктер, су жануарлары немесе құстар, жануарлар, бунақденелілер, балықтар, теңіз жануарлары т.с.с топтарға бөліп, өз нұсқаларын айтады. Бұл жануарларды екі-ақ топқа бөлу керектігін ескерту. Жануарларды қалай 2 топқа бөлуге болады? деген проблемалық сұрақ қойып, оқушыларға ой салу.
Омыртқалы жануарлар: жылқы, қой, балық.
Омыртқасыз жануарлар: теңіз жұлдызы, құмырсқа, медуза, шұбалшын, көбелек.
Оқушыларға сабақ тақырыбын анықтату. Сабақ мақсатымен таныстыру.

1. Жұмбақ
Оқушыларға сөредегі жануарлар суретіне қарап, не байқағандарын айтқызу.
- Жоғарғы сөреде жануарлардың денесінде сызылған сызық нені білдіреді?
- Төртінші жануардың қаңқасы неге жоқ?
- Қаңқаның қызыл сызықпен көрсетілген бөлігі қалай аталады? .
2. Мұғалімнің түсіндіруі
Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыздар және омыртқалылар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатады. Бұлар жануарлар деп аталады.
3. Сөзді тап
Суреттегі жануарларды атау. Омыртқалылар және омыртқасыздар тобына бөлу. Омыртқасыз жануарларды тауып, олардың алғашқы әріптерінен сөз құрау. Бұл сөз омыртқаның басты қызметін атқаратынын ескерту.
4. Зертте Жеке жұмыс.
Оқушыларды мектеп ауласына зерттеу жұмысымен айналысуға шығару. Кездестірген жануарлар атауын алдын-ала сызып дайындалған сызбаға екі топқа (омыртқалылар, омыртқасыздар) бөліп жазу.
Сынып бөлмесіне келгеннен соң мектеп ауласынан кездестіре алмайтын, саябақта кездестіруге болатын омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың атауын жазып, жазбаларын толықтыру.
Өз жазбаларымен бірін-бірі таныстыру. Ең көп жануарлар атауын жазған оқушыларды анықтау.
Кездестірген жануарларды анықтап, диаграммасын сызу. Қорытындысын шығару.
5. Ойлан.
Омыртқасыз жануарлар қалай қорғанады? Олар тіршілік ету ортасына қалай бейімделген?
Оқушыларға омыртқасыз жануарлардың суреттері көрсету.
Омыртқасыздар — ішкі қаңқасы болмайтын жануарлар тобы, олардың тіршілік ортасы алуан түрлі екенін, кейбіреулері суда тіршілік етсе, кейбіреулері құрлықта, ауада тіршілік ететінін айту. Ұлулардың денесі бақалшақпен қапталатынын, қоңыздардың қатты қабықтары болатынын, кейбір омыртқасыздар улы болатынын ескерту.

6. Бағалауға арналған тапсырма.
Кестемен жұмыс. Жануарлар атауын кестеге толтыру. Жануарлар атауын ең көп және дұрыс жазған оқушыларды марапаттау.
омыртқалылар омыртқасыздар

7. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 22-жұмыс парағы (24-б.).........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Қос аққудың соңғы сәті



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle