Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Астың бетін ашық тастама

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты:Жануарлардың топтарын біледі, тіршілік ету жағдайына бейімделуін түсінеді.

Оқушылар төмендегі өлең жолдарын айту.
- Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз,
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз!

Топқа біріктіру. Оқушыларды «Омыртқалы жануарлар» және «Омыртқасыз жануарлар» сөздері жазылған қима қағаздар бойынша шағын топтарға біріктіру.
Жануарлардың топтары. Әр топқа әр түрлі жануарлардың суреттері бейнеленген парақтарды таратып, оларды әртүрлі белгілеріне қарай топтастыру.
Жұмбақ. Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды анықтау. Омыртқаның кейбір жануарларда болатынын, ал кейбіреулерінде болмайтынын айту.
- Неліктен жоғарғы сөреде төртінші жануардың қаңқасы жоқ?
- Қаңқаның қызыл сызықпен көрсетілген бөлігі қалай аталатынын білесің бе?
Сөзді тап.«Поле чудес» ойыны арқылы суреттегі жануарлардың атауларын табу.
- Аталған жануарлардың қайсысын омыртқасыздарға жатқызуға болады? (Ұлуды, қоңызды, араны, көбелек¬ті, шегірткені.) Таба алмаса, көмектесіңіз.
- Қалған жануарлар қандай топқа жатады? Олардың қайсы¬сы омыртқалыларға жатады? (Балықтар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер, құстар.)
- Омыртқасыздарға ше? (Бунақденелілер, құрттар, теңізді мекендеушілер.)
Зертте. Зерттеу жұмысын саябақта немесе мектеп алаңында жүргізу керек.
Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулық
- Әр оқушы алаңнан неғұрлым көбірек жануар¬ларды табуы қажет.
-Тапқан жануардың атын зерттеуші күнделігіне жазуы керек немесе суретін салып қоюы тиіс.
- Оларды омыртқалылар немесе омыртқасыздар тобына бөлуі керек.
- Сыныпта зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылау қажет. Оқушылардың бақылау жасау жоспарын толық жүргізгенін нақтылаңыз.
- Егер күн райы зерттеу жұмысын жүргізуге ке¬дергі келтірсе, онда оны сыныпта жүргізіңіз.
- Әртүрлі жануарлардың суреттері мен фотосу¬реттерін таратыңыз.
- Оларды омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөліңіздер.
- Олардың арасынан саябақтан немесе мек¬теп алаңынан кездестіруге болатын жануарды бөліп алыңыздар.
- Аттарын күнделікке жазып қойыңыздар.
- Нәтижесін бағандық диаграмма түрінде көрсе¬туі керек.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Ойлан. Ұлудың, қоңыздың және улы медузаның фотосуретін көрсетіп, олардың омыртқасы жоқ, олар қалай қорғанады деп сұрап, талқылау. (Кейбір жануарлардың денесі қатты қабықпен, бақалшақпен қапталғанын, көптеген омыртқасыздар улы болып келетінін түсінеді. Осылайша олар тіршілік ету ортасына бейімделеді).
Мұғалім-оқушы диалогі. Есте сақта!
Жануарлар омыртқалы және омыртқасыз болып бөлінеді. Балықтар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер және құстар омыртқалы жануарлар болып табылады. Бунақденелілер, құрттар, ұлулар, өрмекшілер және кейбір теңіз жануарлары омыртқасыздарға жатады.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
22-жұмыс парағы. «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар», 24-б.
Жануарларды бөл. Оқушылар омыртқалы және омыртқасыз жануарларды анықтайды, оларды тиісті кестелерге бөліп жазады (Жауаптар:
Омыртқалылар: көртышқан, бүркіт, қоян, піл, жылқы.
Омыртқасыздар: шұбалшын, инелік, медуза, құмырсқа)...........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Асқазаныңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle