Өсімдік тіршілігіне судың әсері 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдік тіршілігіне судың әсері 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне судың әсері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
Сабақтың мақсаты: судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы мағлұмат алады;
ылғалсүйгіш өсімдіктердің қоршаған ортаға қалай бейімделетінін меңгереді.

Ұйымдастыру. Жұмбақ жасыру.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. Бұл не?
I. Сыныппен су сөзіне ассоциация жасау арқылы оқушылардың су туралы алғашқы білімдерін анықтау.
II.
III.
- Суды өткен тақырыптармен қалай байланыстырар едіңдер?
- Су сөзін басқа қандай сөзбен алмастыруға болады?
- Өсімдіктерге су не үшін қажет?
- Өсімдіктің барлығы суды бірдей мөлшерде пайдалана ма?
- Егер өсімдік ылғалды көбірек алса, не болады?
Сабақ тақырыбын анықтау.

- Ал егер аз алса ше?
1) Топқа бөлу.
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.
2) 1-топ тапсырмасы. Тіршілік ету ортасы
Тұңғиық пен жусанды салыстыру.
а) жапырақтарын салыстыру
ә) сабақтарын салыстыру
б) тіршілік ортасын сипаттау
в) қай өсімдік суды көбірек үнемдейтінін анықтау
г) тіршілік жағдайы өзгерсе, өсімдіктерге не болар
еді? деген сауалға топ мүшелерінің болжамын тыңдау.
3) 2-топ тапсырмасы. Тамыр
Оқулықтағы өсімдік тамырларының суретін сипаттау.
- Өсімдік тамырының бір-бірінен айырмашылығын айту
- Құрғақ және ылғалды жерде өсетін өсімдікті анықтау және дәлелдеу
- Өсімдіктің ылғал топырақта өсуге бейімділігін түсіндіру
4) 3-топ тапсырмасы. Жапырақ
Фотосуреттерді сипаттау. Ортақ белгілеріне қарай топтастыру.
- Құрғақшылық жағдайында, ылғал жерде өсетін өсімдіктердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын салыстыру.
- Ылғал жинау әдістерін түсіндіру.
- Ылғалды үнемдеу жолдарын анықтау.
5) Жұмыстарды қорғау.
3 топ берілген тапсырмалар бойынша ортақ шешімге келіп, өз ойларын басқа топ алдында қорғау.
6) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді жеке оқу.
«5 сұрақ 5 жауап» Мәтін бойынша әр оқушы жұбына 5 сұрақ дайындап, жұппен жұмыс жасау.
7) Зертте
Оқушылардың болжамдарын тыңдау.
- Өсімдікті сирек суарса, не болуы мүмкін?
- Өсімдікті жиі суарса не болады?
- Кейде жиі, кейде сирек суару өсімдіктің өсуіне қалай әсер етуі мүмкін?
Сыныптағы бөлме гүлдеріне эксперимент жасау үшін гүл суарушы екі оқушыны өздері тағайындалады. Оқушылармен бірге гүл суару кестесін құрастыру. Уақытты белгілеу. Бір гүл суарушыға кесте бойынша гүлдерге су құюды тапсыру, екіншісі кестені, су мөлшерін өзгертіп құяды. Сыныптың басқа оқушылары гүлдерге бақылау жасап, өзгешелікті анықтайды, диаграммаға түсіреді.
8) Бағалауға арналған тапсырма:
1. Өсімдіктің қай мүшесінен оның қоршаған ортаға бейімділігін байқауға болады?
2. Қандай өсімдіктер су тапшылығына шыдамайды?
3. Өсімдік ылғалды қайда сақтайды?
4. Сулы аймақтарда өсетін өсімдіктер қалай аталады?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 802



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!