Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ұялы телефонды қолдану қағидасы

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын және жоғары температураға бейімделуін түсіндіреді.

Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!»
Оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын жаттап алайық.
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар?
«Мұғалім-оқушы» диалогі. Сұрақтар қоя отырып тақырыпты ашу.
- Ауаның, топы¬рақтың, судың температурасы тәулік ішінде қалай өзгереді?
- Айналамыздағы ауаның температурасы өсімдікке қалай әсер етеді?
Эврикаға сұрақтарға жауап берумен көмектесу.
1. Бір тәулік ішінде күн райының, судың, топырақтың температурасы қалай өзгереді? Ал жыл мезгіліне байланысты қалай өзгереді?
2. Өсімдіктер жылдың қай мезгілінде тез өседі?
Оқушыларды «Айна» стратегиясы арқылы жұптастыру.
Қыр басында. Оқушыларына жұптасып қырдың оңтүстік және солтүстік беткейлерінде¬гі өсімдіктердің айырмашылығына қатысты кесте құруға тапсырма беру. Өсімдіктің әртүрлі температураға бейім¬делуі туралы қорытынды жасайды.
Кесте құру барысында басшылыққа алынатын критерийлер: жылуды аз/көп қа¬былдайды, мол/сирек шығады, сәнді/жұтаң гүлдейді.
Қырдың оңтүстік беткейлерінде¬гі өсімдіктер Қырдың солтүстік беткейлерінде¬гі өсімдіктер
жылуды аз/көп қа-былдайды жылуды аз/көп қа-былдайды
мол/сирек шығады мол/сирек шығады
сәнді/жұтаң гүлдейді сәнді/жұтаң гүлдейді

Жылу. Өсімдіктің әр бөлігіндегі температураның айырмашылығын білу үшін диаграмма сызбасын талдау.
Оқушылар өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жер астындағы бөлігіне қарағанда көбірек жылу алатыны туралы қорытынды жасайды.
Зертте. Зерттеу жүргізу үшін түйе жантағы, жусан, жабайы ассүттіген өсімдіктері бейнеленген А4 пішімдегі суретті үлестірме парақшаларын тарату.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Топ болып бұл өсімдіктердің қандай жерлер¬де өсетіні жайлы талқылау. Әр өсімдік қоршаған ортаның жоғары температурасына қалай бейімделе алатынын болжау.
• Әр суреттегі өсімдіктің бейімделу тәсілін ерек¬шелеп, жазып қою. (Түйе жантағының тікенектер¬мен қапталған құрғақ бұтақтары болады; жусанның жапырақшаларының ұсақ болатыны соншалық, олар талшықтарды еске түсіреді; жабайы ассүттіген қатты қызудан сақтану үшін күнге қырымен қарап тұрады, тіпті үлкен жапырақтары қатты қызғаннан күюі де мүмкін.)
• Ортақ параққа жапсырып, қорытынды шешім шығару.
• Басқа топтардың шешімдерімен салыстыру. Әр топтың зерттеу нәтижесін тыңдап, оны талдап, бағалау.
«Мұғалім-оқушы» диалогі.
Өсімдік тез өсуі үшін жылу мөлшері жеткілікті болуы керек. Олар жылуды Күн¬нен қызған ауа мен топырақтан алады. Өсімдіктің өсіп-жетілуіне 15-тен 30 гра¬дусқа дейінгі температура қолайлы.
Қатты қызған Күннің тікелей сәу¬лесінен өсімдік күйіп кетуі мүмкін. Аптап ыстықтан қорғану үшін олар ылғал¬ды көбірек буландырып, тез салқындайды.
Өсімдіктерге суық та әсер етеді. Жылусүйгіш өсімдіктерге ауаның сәл салқындауы да зиян тигізуі мүмкін. Ал суыққа төзімді өсімдіктер қатты аязға да шыдайды.
Сергіту сәті.
Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
Ойлан! Жаздың ыстық күндері дала өсімдік¬терінің температурасы неліктен ауа температурасынан төмен болатынын талқылау.
Дала өсімдіктері жаздың ыстық аптабында ылғал¬ды көбірек буландырып, ұзын жіңішке жапырақта¬рын салқындатады. Осылайша өсімдіктің жер үстін¬дегі бөліктерінде температура салқындайды.
Сен білесің бе?
Жұмсақ қар жылы көрпе сияқты өсімдік тамырын жауып, аяздан қорғайды.
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
9-жұмыс парағы. «Өсімдік тіршілігіндегі жылу», 11-б.
Ыстық – суық. Оқушылар дұрыс жауапты бел¬гілеуі қажет. Бұл тапсырма өсімдіктің жоғары темпе¬ратураға бейімділігі туралы оқушылардың білімдерін бекітуге арналады (Жауаптары: 1. «Суыққа бейімделген өсімдіктер» – жапырақта¬ры түседі, жер бетіндегі мүшелері қурап, солып қа¬лады. 2. «Ыстыққа бейімделген өсімдіктер» – ылғал¬ды көп буландырады, жапырақтары ұсақ болады, жапырақтың тікенді болады, жапырақтары қалың түкпен қапталады, жапырақтар күн сәулесіне қы¬рымен орналасады).
Өсімдіктің өсуіне қажет жағдайлар. Оқушы¬лар диаграмманы оқып, сұрақтарға жауап береді, өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін қолайлы температура туралы қорытынды жасайды (Жауаптары:
Өсімдіктің өсуіне қолайлы температура: + 25 0С.
Қандай температура өсімдікке кері әсер етті? Өсімдік үшін қауіпті температура: + 40 0С.
Қандай температурада өсімдіктің өсуі мен дамуы баяулайды: 5 0С, 10 0С, 30 0С.
Қорытынды: өсімдіктің өсуі үшін 25 0С қажет, осы температурада өсімдік жақсы өседі әрі дамиды. Жоғары не төмен температура өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейді).....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әйелдер қауымы ерлерге жиі айтатын өтірік түрлерін білесіз бе?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle