Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың қорегі (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың қорегі (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әдемі Махаббат хикаясы

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер мен жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қорегі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме): 2.3.2.1 Түрлі жануарлардың немен қоректенетінін білу
2.1.1.2. Өз тәжірибесін пайдалана отырып, үй жануарларының қалай қоректенетіні туралы сұрақтарға жауап беру.
2.1.3.1.Нұсқауға сүйеніп, стандартты өлшемдерін пайдаланып, түрлі тамақпен қоректенетін үй жануарларын санау, есепке алу.
Өздігінен немесе мұғалімнің басшылығымен өлшемдер жүргізу 2.1.4.1.Бақылауларды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: Жануарлардың немен қоректенентінін біледі, берілген сұрақтарға жауап береді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ескеру.

(Ұ) Оқушылар шеңберге шығып қораптан өздері таңдау арқылы жануарлардың суреттері берілген карточка таңдап алады. Әр бала суреттегі жануардың рөлінде болып, ол туралы не білетінінін айтады. (аты, қай топқа жатады) 2 – 3 слайд
Оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту мақсатында жұмбақтар жасырамын.
Жұмбақтар
Мұртымен туады,
Мұртын түнде жуады. (мысық)

Сылдырдан қорқады.
Шошынып жортады. (қоян)

Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (тоқылдық)
Жұмбақтың шешуін тапқан оқушыларға қол шапалақтау арқылы қошемет көрсету.


(Ұ) Оқушылардан кімнің үйінде қандай жануар бар екенін және олардың қандай тамақ жейтіні туралы сұрау.
(Ж) Жұппен жұмыс.
Салыстыру үшін екі тізім дайындау. Біздің жейтін тамағымыздан жануарлардың қорегі несімен ерекшеленетінін талқылату.
Оқушылар өз тізімін жазады.
Адамдардың
Жануарлардың
тағамы
қорегі
оқушылар төмендегідей қортындыға келуі керек.
Қорытынды: Жануарларға арналған тамақтар шикі және өңделмеген түрінде болады. Адамның жейтін тағамы пісірілген, өңделген.
(МК) Бұдан кейін тақтадан «Жануарлардың қоректенуі» тақырыбында фильм көреді.
(Ұ) Сыныптағы оқушылар мәтінмен танысады.
Жануарлар тобындағы сүтқоректілер жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді. Жабайы жануарлар тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан. Жабайы жануарларды ешкім бақпайды. Олар өз қорегін өздері тауып жейді, өз беттерінше өседі. Төлдерін де өздері асырайды. Үй жануарларын адамдар бағады. Үй жануарлары адамға пайда әкеледі. Олар ет, сүт береді. Сиыр сүт, ет береді. Қой мен түйенің жүнінен киім тоқиды.

(Т) Мәтінмен жұмыс. Мәтінге байланысты постер жасап қорғайды.
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Қанша топқа жатады?
2. Түрі қандай?
3. Қайда мекендейді?
4. Немен қоректенеді?
(Ұ) Бүгінгі жануарлар туралы ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян, (құлақтарымен тың тыңдау)
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді. (оңға,солға секіру)
Қарап еді артына (артқа қарау).........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеті дәрі жаныңызда жүрсін



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle