Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің негізгі бөліктері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің негізгі бөліктері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әжім кетіретін Сегіз түрлі нәр

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің негізгі бөліктері
Оқу мақсаттары: 2.2.1.3 өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Өсімдіктің негізгі бөліктерімен таныстыру және ажыратуға үйрету, бөліктерінің қызметін түсіндіру.

(МК) Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

(МК)Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу
-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін жұмбақ шешіп көрейік.
Үйi де жоқ,
Күйi де жоқ.
Бiрақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды
Шешуiн айта ғой,
Балалар бiлсiн жайды.
Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру.
ӨСІМДІКТЕР

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

Топтарды анықтау
Оқушыларды стикерде жазылған өсімдік бөліктері арқылы топтарға бөлу.
1. Тамыр 2. Сабақ 3. Жапырақ 4. Гүл
(Т) Ассоциациялық картаны толтыру
-Балалар, «өсімдіктер» дегенде ойларыңа не келеді?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ұ) Оқушылармен диалог құру
Мақсаты:Оқушылардың өсімдіктер жайлы ойларын, түсініктерін анықтау.
-Балалар, өсімдіктерді тірі ағза деуге бола ма?
-Өсімдіктер мен адамдардың қандай ұқсастықтары бар?
-Өсімдіктердің қандай дене мүшелері бар?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ұ,Т) Проблемалық сұрақ
Мақсаты:Өсімдік мүшелерінің қызметі жайлы оқушылардың бастапқы білімдерін анықтау.
-Өсімдік мүшелерінің қызметі қандай?
/оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/
Әр топқа өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топта пікіралмасуды ұсыну.
(Т,Қ) «Лото» ойыны
Мақсаты: Өсімдік бөліктерінің негізгі қызметі жайлы түсінік қалыптастыру.
Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар тарату. Оқушылар «Лото» ойыны бойынша өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді және әр бөліктің қызметін оқып талқылайды..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеті дәрі жаныңызда жүрсін



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle